8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Новости

Солтүстік-Қазақстан облысында қуаттылығы 6000 тонналық қазіргі заманғы астық қоймасы және оның жанындағы қабылдау, бастапқы тазалау, сақтау, дәнді дақылдардың элиталық тұқымын кептіру және жөнелту желісі пайдалануға берілді. 11.11.2016 «ҚазАгро» ұлттық холдингінің 10-жылдық мерейтойы қарсаңында республиканың агроөнеркәсіптік кешені кезекті маңызды нысанмен толықтырылады. Солтүстік-Қазақстан облысында қуаттылығы 6000 тонналық қазіргі заманғы астық қоймасы және оның жанындағы қабылдау, бастапқы тазалау, сақтау, дәнді дақылдардың элиталық тұқымын кептіру және жөнелту желісі пайдалануға берілді. Өңір үшін маңызды жоба облыстың Ғ. Мүсірепов ауданында орналасқан және «ҚаАгро» холдингінің құрылымындағы компания «ҚазАгроҚаржы» АҚ желісі бойынша 842,9 млн. теңге сомасына қаржыландырылған. Астық қоймасы мен тұқымдық желі «Агрофирма «Приишимский» ЖШС сатып алынған, ол өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығында мамандандырылған. Бұрын, «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржыландыруымен шаруашылық өзінің репродукторы үшін ангус тұқымды 400 бас асыл тұқымдық ІҚМ сатып алған. Жаңа желі германияның танымал «Petkus» компаниясымен жүргізілді, ол аграрлық сектор үшін жоғары технологиялық жабдықтардың кеңейтілген спектрін шығарады. Атап өткендей, «Агрофирма «Приишимский» ЖШС, бұл жабдықты сатып алудың мақсаты өсірілген өнімнің құнын оның сапалық сипаттамасын сақтау бойынша рәсімдерге шығынды азайту, сондай-ақ жоғары кондициялық өз тұқымдарын дайындау арқылы арзандату болып табылады. Жобаның ерекшелігі түрлі дақылдарды алдын ала тазалауға және егу алды өнімді дәрілеу мүмкіндігінен тұрады. «Ол тұқымды салмағы және заты бойынша сұрыптайды. Әрбір дән бірдей болып шығады. Бұл жерде іс жүзінде жүз пайыздық көктеу және жүз пайыздық өсім болады» - дейді агрофирма директоры Мустафа Гулиев. Іске қосылған өндірістің өңірдегі қазіргі уақытта жалғыз екенін атап өту қажет. Кәсіпорын аудан мен облыстың шаруашылықтарынан сапалы тұқымдық материал өндіруге және жеткізуге көптеген өтінім қабылдайды. Астық қоймасының құрылысы бағытында «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі республиканың АӨК инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде қаржыландыруға 47 жоба мақұлданды, оның жалпы құны 27,31 млрд. теңге және біржолғы сақтау қуаты 884,8 мың тонна. Бүгінгі таңда мақұлданған жобалардың жалпы санының пайдалануға 21,79 млрд.теңгенің 37 объектісі пайдалануға берілді. Қазақстан астығының экспорты мен оны қайта өңдеу инфрақұрылымын дамыту бағытында Холдингпен құны 17,60 млрд.теңгенің 30 жобасы мақұлданды, астықты ауыстырып тиеу қуаты жылына 3,15 млн. тонна, астықтың өңделген өндірісінің көлемі жылына 279,7 мың тоннаға дейін. Оның құны 17,57 млрд. теңгенің 26 жобасы іске қосылды. Жалпы Холдингтің инвестициялық қоржыны ағымдағы жылдың қараша айының басында жалпы құны 324,0 млрд. теңгенің 530 инвестициялық жобасын құрайды. Осы ретте пайдалануға беру кезеңінде шамамен 16,0 мың жұмыс орнын құрайды. Жалпы құны 273,4 млрд. теңгенің 487 инвестициялық жобасы пайдалануға берілді, шамамен 15,1 мың жұмыс орны құрылды. Оның ағымдағы жылы жалпы құны 18,8 млрд.теңгенің 37 жобасы іске қосылды, 1068 жұмыс орны құрылды. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ оның құрамына кіретін компаниялардың инвестициялық активтерін тиімді басқаруды қамтамасыз ету арқылы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Холдингтің құрамына: «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроМаркетинг» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ кіреді.

Дата:  11.11.2016 09:52:00
Вернуться к списку
;