8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Новости

Ауыл шаруашылығы техникаларын жеткізу бойынша жобаларды «Комбайновый завод «РОСТСЕЛЬМАШ» ЖШҚ мен «ҚазАгроҚаржы» АҚ бірлесіп іске асыруы шеңберінде «Российский экспортный центр» АҚ-мен стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қою. 10.10.2016 стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қою. Бүгін Астанада Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинның қатысуымен қазақстандық-ресейлік бизнес-форум ашылды, бұл іс-шараның барысында ресейлік бизнесмендермен және өндірушілермен бірқатар жаңа келісім-шарттарға қол қою жоспарланған. Іс-шараны өткізу барысында ауыл шаруашылығы техникаларын жеткізу бойынша жобаларды «Комбайновый завод «РОСТСЕЛЬМАШ» ЖШҚ мен «ҚазАгроҚаржы» АҚ бірлесіп іске асыруы шеңберінде «Российский экспортный центр» АҚ-мен стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Ауыл шаруашылығы саласындағы Қазақстан Республикасының инновациялық саясатын, сондай-ақ негізгі өндірістік қорларды, соның ішінде «КЗ «Ростсельмаш» ЖШҚ өндіретін ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу есебінен жаңартуға (ұлғайтуға) деген Қазақстан Республикасының агаралық саласының айтарлықтай қажеттілігін ескере отырып, «Российский экспортный центр» АҚ қолдауымен Қазақстан Республикасының мүдделі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін «КЗ «Ростсельмаш» ЖШҚ өндіретін ауыл шаруашылығы техникаларын жеткізу бойынша жобаларды бірлесіп іске асырудағы Тараптардың күштерін үйлестіруге бағытталған Келісім жасалды. Осы Келісімнің ережелерін іске асыру мақсатында, «Российский экспортный центр» АҚ бейқаржылық қолдау шараларын ұсыну мүмкіндіктері ескеріле отырып, «Российский экспортный центр» АҚ тарапынан сабағаттық, ақпараттық және ұйымдық қолдау көрсетілетін болады; Өз кезегінде «КЗ «Ростсельмаш» ЖШҚ тарапынан «Российский экспортный центр» АҚ-на Жобалардың талдауын жасауға, Жобалардың кез келген өндірістік, коммерциялық, қаржылық, заңдық және басқа да аспектілерін түсіндіруге мүмкіндік беретін қажетті құжаттар ұсынылатын болады: атап айтқанда, егер Жобалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарына және «ҚазАгроҚаржы» АҚ ішкі құжаттарына сәйкес келген жағдайда, РОСЭКСИМБАНК АҚ қаржыландыру беру және «ЭКСАР» АҚ сақтандыру өтелімін беру бойынша мүмкіндіктері ескеріле отырып, «ҚазАгроҚаржы» АҚ тарапынан Жобаларды қаржыландыру мүмкіндігі қаралатын болады. Жай сөзбен айтқанда, тараптардың арасындағы аталмыш келісімге қолдың қойылуы қазақстандық аграршыларға Ресей өндірісінің сапалы да арзан техникаларын алуға мүмкіндік беретін болады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының машина-трактор паркін жаңартуға жағдай жасайтын болады.

Дата:  04.10.2016 14:37:00
Вернуться к списку
;