8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Новости

«ҚазАгроҚаржы» АҚ қазақстандық аграршылар үшін ауыл шаруашылығы техникасының жеткізілімдерін қаржыландыру мақсатында Еуразиялық даму банкісінен 1,5 млрд. Ресей рублін тартты. 11.07.2016 «ҚазАгроҚаржы» АҚ қазақстандық аграршылар үшін ауыл шаруашылығы техникасының жеткізілімдерін қаржыландыру мақсатында Еуразиялық даму банкісінен 1,5 млрд. Ресей рублін тартты. Тұтас алғанда, Еуразиялық Даму банкі (ЕАБР) «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамына 1,5 млрд. рубль сомасына кредит желісін берді. 2016 жылғы 29 маусымда «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Айнұр Сейтқасымова мен Еуразиялық даму банкісінің активтер мен пассивтер жөніндегі Басқарушы директоры Дмитрий Ладиков-Роев тиісті шартқа қолдарын қойды. Қаражат бірінші кезекте ЕАДБ қатысушы мемлекеттерінен Қазақстан Республикасына ауыл шаруашылығы техникаларын және жабдықтар жеткізуді қаржыландыруға арналған. Шарт талаптарына сәйкес, ЕАДБ қатысушы мемлекеттерінен техника мен жабдық сатып алуға кемінде 80% кредит желісі бөлінетін болады, оның негізгі бөлігі Ресей Федерациясынан техника мен жабдық жеткізуге жұмсалады деп жоспарланып отыр. Шарт талаптарына сәйкес, несиелендіру ЕАДБ тікелей қаржыландыруы нысанында теңгемен және рубльмен жүзеге асрылатын болады. Жоба ЕАДБ миссиясы мен стратегиясына сәйкес келеді. Ол Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы техникасының паркін жетілдіруге және оның агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға ықпалын тигізе отырып, Қазақстан Республикасының тұрақты экономикалық тұрғыда өсуіне әсерін тигізеді, ЕАДБ қатысушы мемлекеттерінің арасындағы сауда көлемінің ұлғаюына әкеледі. Назарларыңызға, «ҚазАгроҚаржы» АҚ – 1999 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен құрылған компания. Негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржы қаражаттарына, сондай-ақ лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникаларына және технологиялық жабдықтарға деген қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы республиканың аграрлық секторын дамытуға қолдау жасау. Қоғамның ресми сайты – www.kaf.kz Еуразиялық даму банкі қатысушы мемлекеттердің нарықтық экономикасының дамуына, олардың тұрақты экономикалық тұрғыда өсуіне және өзара сауда-экономикалық қатынастардың ұлғаюына ықпал ету мақсатында 2006 жылғы қаңтар айында Ресей мен Қазақстан құрған халықаралық қаржы ұйымы болып табылады. ЕАДБ жарғылық капиталы 1,5 млрд. АШҚ долларынан асады. Банктің қатысушы мемлекеттері Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы болып табылады. ЕАДБ туралы толығырақ ақпарат сайтта берілген http://www.eabr.org.

Дата:  11.07.2016 09:43:00
Вернуться к списку
;