8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Новости

Өндірісі еселенген серіктесиік 04.07.2016 Өңірдегі агрокешендердің арасында соңғы 15 жылдың көлемінде тасы өрге домалап келе жатқан «Луговой жылқы зауыты» ЖШС-інде қолға алынып жатқан жұмыстар көңіл қуантады. Бұрнағы күні «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ы ұйымдастырған пресс-тур барысында бұған біздің де көзіміз жетті. Расында, серіктестік тек қана асыл тұқымды жылқы өндіріп қана қоймай, сүт-ет бағытындағы ірі қара, шошқа өндіру, үйрек өсіру мен бекіре тұқыды балық өндірісін қолға алынып отыр. Серіктестікті өмірлік тәжірибесі бай Халит Базаралиев басқарып келеді. Луговой жылқы зауытына биыл 80 жыл. Алғаш әсерилерге ат дайындау орны ретінде ашылған зауыт кейін асыл тұқымды жылқы өсіруді мықтап қолға алған. Дегенмен, сонау тоқсаныншы жылдардың басындағы тоқырау кезінде қиындық бұл шаруашылықты да айналып өтпеді. Зауытты ұстап тұрудың өзі қиын болды. Алайда, кейінгі жылдары бұл шрауашылықты қолға алған Халит Базаралиев зауыттың жұмысын жандандырды. Жылқы зауытын аралап шыққан адамның көңілінде ұмытылмас сәттер қалатыны анық. Өйткені, мұндағы табиғат сұлулығы, тазалық дегеніңіз бәрі бәрі қиып қолмен қойғандай әсер қалдырады. Тау етегін ала орналасқан зауыт аумағында неше түрлі жеміс ағаштары, гүлдер тұнып тұр. Бір бос жер жоқ. Неге десеңіз зауыт аумағындағы бос жердің барлығына сәбіз егілген. Аса үлкен баптауды қажет ететін асыл тұқымды жылқылардың асына қоспа ретінде дайындалатын сәбіз де өздерінде өсіріледі. Бүгінде зауытта 600 жылқы мен 120 бас асыл тұқымды, таза қанды жылқылар өсірілуде. Жылқы зауытының бас ветеринарлық дәрігері Олег Спесивыйдың айтуынша асыл тұқымды жылқылар қатарында атақты Ақылтеке және ағылшын жылқылары бапталады екен. Ақылтеке тұқымы мұнда соңғы алпыс жылдың көлемінде бапталып келеді. Бүгінде зауытта әйгілі Абсенттің немерелері мен шөберелері өсіп өнуде. Ақылтеке тұқымының атақ-даңқы сонау Кеңес үкіметі тұсында асқақтап тұрды десек артық айтпағандық шығар. Зауыт аумағындағы 1960 жылы Римде өткен чемпионатта Олимпиада чемпионы атанып, үшдүркін чемпиоан атағын қорғай білген әйгілі Абсенттің еңселі ескерткіші – зауыттың беделін асқақтай түскендей. Тіпті, жақын арада Ресейдің Краснодар қаласында өткен байқауда топ жарқан зауыттың екі тұлпары да Абсенттің ұрпақтары екен. Ал ағылшын тұқымы Ресей, Германия, Ирландия, Франция мемлекеттерінен жеткізілген. Биылғы жылы серіктестік «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ы арқылы ауылшаруашылық техникаларын лизингке алып, қуаты сағатына 15 мың тонна жем шығаратын комбикорм зауытын ашты. Оның қажеттілігі зауыттағы мал басының өсуімен түсіндірілуде. Ал жем зауытының соңғы заманауи құрылғылармен жабдықталғаны көзге ұрып-ақ тұр. Мұнда бас-аяғы екі-ақ адам жұмыс жасайды. Барлығы автоматтандырылған. Ал зауытта 45 мың бас шошқа және 600 бас ірі қара малы бар. Мал басын арттыруда және оларды сапалы өніммен қамтамасыз етуде бұл бастама құптарлық іс болып тұр. Жалпы, зауыт «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ы арқылы көптеген шараларды қолға алып отыр. Соның бірі – бекіре тұқымдас балығын өндіру. Балық шаруашылығында балық пен икра өндіруде жаңа технологиялар енгізілген. Оны өндіру және ел аумағындағы көлдер мен өзендерде көбейту шаралары да қолға алынған. Бүгінде жабық бассейндерде бекіренің ленский және орыс түрлері мен үш гибрид түрі өндірілуде. Ал осындағы 76 бассейнде бас-аяғы 30 мың бас балық бар. - Жұмыстың барлығы инкубациядан басталады. Одан кейін шабақтар көлемі мен салмағына қарай шағын бассейндерге жіберіледі. Одан әрі өсуіне қарай үлкен бассейндерге жіберіледі. Бір жылдық бекірелер 2 -2,5 салмақ қосқанда Атыраудағы филиалға жіберіледі. Онда икра тастаған соң жоғарыдағы процес қайталанады, - дейді балық цехының директоры Михаил Фоменко. Ал Луговой жылқы заутының директоры Халит Базаралиев кешенді өндірістегі жұмыстың барлығын қалдықсыз жүргізуді қолға алып отырғандығын алға тартады. Яғни, 12 мың гектардан бидай орылып, одан да қалдықсыз өнім өндіріледі. Тіпті, базар нарығынан төмен жем өндіріледі. Сондай-ақ зауытта шошқа өндіріс қолға алынған болса, бүгінде шошқа қиынан метан мен азот тыңайтқышы өндіріліп, серіктестіктің өз қажеттілігіне пайдаланылады. Сонымен қатар алдағы күндері ет өңдеу, ірі қара малын бордақылау кешеніне қойып, экспорттау шаралары да қолға алынбақ. Бұл қаржылық дағдарыс кезінде серіктестіктің жұмысы шайқалмайды дегенді білдірсе керек. Жамбыл облысы Ерман Әбдиев, журналист

Дата:  01.07.2016 16:41:00
Вернуться к списку
;