8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Новости

 «ҚазАгроҚаржы» АҚ РОСЭКСИМБАНК акционерлік қоғамынан қаржыландыру тартты. 27.06.2016 «ҚазАгроҚаржы» АҚ 7 жыл мерзімге ресейлік серіктес тарапынан 716 млн. рубль сомасына қаржыландыру берілу туралы РОСЭКСИМБАНК АҚ банкімен (РЭО тобына енеді) екі жақты кредит келісіміне қол қойды. Бұл қаражатқа «Комбайновый завод «Ростсельмаш ЖШҚ өндірісінің 115 бірлік жоғары технологиялы ауыл шаруашылығы техникасын қазақстандық аграршыларға кейін лизингке табыстау үшін сатып алу жоспарланып отыр. «Ресей рублі біз үшін Ресей Федерациясы өндірісінің техникаларын сатып алудың жаңа қаржыландыру көзі болып отыр, - дейді «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржыландыру тарту бөлімінің бастығы Әсел Әлжан. «Бүгінгі таңда техника жеткізушілері сауданы қаржыландыру үшін банктерді тартатын үрдіс байқалады.», - деп сұхбатын тәмамдады Әсел Сәлімжанқызы. Айта кеткен жөн, «РОСЭКСИМБАНК» компаниясымен жасалған мәміле, қазіргі таңда баға саясатының қолжетімді болғандығынан ғана емес, сонымен қатар жеңілдетілген логистикалық және кедендік рәсімдерінің арқасында үлкен сұранысқа ие болған ресейлік өндірістің техникасына деген отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін болады. Назарларыңызға, «ҚазАгроҚаржы» АҚ – 1999 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен құрылған компания. Негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржы қаражаттарына, сондай-ақ лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникаларына және технологиялық жабдықтарға деген қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы республиканың аграрлық секторын дамытуға қолдау жасау. РОСЭКСИМБАНК АҚ - Мемлекеттік мамандандырылған Ресей экспорт-импорт банкі (акционерлік қоғамы) (РОСЭКСИМБАНК АҚ) 1994 жылы «Ресей экспорт-импорт банкін құру туралы» 07.07.93 ж. № 633 және «Ресей экспорт-импорт банкі туралы» 11.01.94 ж. № 16 Ресей Федерациясы Үкіметінің Қаулыларына сәйкес, отандық экспортты қолдау мен ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іс жүзінде іске асыру мақсатында құрылған болатын. Банктің жарғылық капиталы 01.07.2015 ж. жағдай бойынша 12,651 млрд рубль құрайды. Росэксимбанк Сыртқыэкономбанк Тобына енеді. Өз қызметін 2015 жылдан бері Ресей Экспорттық Орталығы шеңберінде жүзеге асырып келеді. Банктің «Ва2» (болжам негативті) деңгейінде Moody’s Investors Service халықаралық рейтингілік агенттігінің шетел валютасында кредит беруге қабілеттілігінің ұзақ мерзімді рейтингі, сондай-ақ RAEX Рейтингілік Агенттігінің («Эксперт РА») тұрақты болжамымен «А++» кредит беруге қабілеттілігінің жеке рейтингі бар. Ресей Федерациясы Орталық банкінің 1994 жылғы 18 сәуірдегі № 2790–г. лицензиясы.

Дата:  27.06.2016 10:08:00
Вернуться к списку
;