8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Новости

«Ұлы Дала 2016» – бұл ауыл шаруашылығы техникаларының өндірушілері бір алаңда асыл тұқымды ІҚМ 17.06.2016 2016 жылғы 16-17 маусымда «ҚазАгроҚаржы» АҚ компаниясының делегациясы Ақмола облысының Төңкеріс ауылында ірі ауыл шаруашылығы көрмесіне белсене қатысты. «Ұлы Дала 2016» – бұл ауыл шаруашылығы техникаларының өндірушілері бір алаңда асыл тұқымды ІҚМ, сондай-ақ өнім жинаудан бастап ендігі жаңа егіске дейінгі дала жұмыстарына бағдарланған бүкіл техника жиынтығын көпшілікке ұсынған біріктірілген алаң болды, ал аграршылар бизнес жүргізуге қажетті айтарлықтай толық та жаңа ақпараттар мен «ҚазАгроҚаржы» АҚ сарапшыларының кеңестерін алды, жаңа таныстықтар құрды, ең бастысы, техника жеткізуге келісім-шарттар жасасу мүмкіндіктеріне ие болды. Көрмеге дүние жүзінің 9 астам елі қатысты, соның ішінде АҚШ өкілдіктері, Ресей, Польша елшіліктері, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің делегациясы. Көрменің шеңберінде Ангус Қазақстан палатасымен бірлескен Ангус тұқымының асыл тұқымды малдарының көрмесі өтті. «ҚазАгроҚаржы» АҚ сарапшылары көрме қатысушыларына қаржыландыру шарттары туралы және инвестициялық жобаларды қаржыландыру шеңберінде, жалпы, компания қызметі туралы кеңейтілген мәліметтерді ұсынды.

Дата:  17.06.2016 11:40:00
Вернуться к списку
;