8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Новости

2016 жылдың көктемгі-егіс науқанына арналған техника 20.05.2016 Бүгінгі таңда республиканың көптеген оңтүстік аймақтарында көктемгі-егіс жұмыстары сәтті аяқталған. Өз кезегінде, егіс науқаны солтүстік аймақтарда да, соның ішінде Ақмола облысында қыза түсуде. Өткен жылдағы ұлттық валюта бағамының төмендеуіне қарамастан, «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы лизингке сатылып алынатын техникаға деген сұраныс төмендемеген. Соңғы деректер бойынша, Қоғамға құны 18, 7 млрд. теңгеге 1 398 бірлік көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізуге қажетті техника сатып алуға өтінім келіп түсті. Салыстыратын болсақ, 2015 жылдың көктемгі-егіс науқаны шеңберінде ауыл шаруашылығының тауар өндірушілеріне 11,5 млрд. теңгеге жуық сомаға 1 382 бірл. техника табысталған. Сөздің реті келіп тұрғанда айта кетейік, техника аграрийлерге ауыл шаруашылығының лизингі шарттарында 14%-бен, қосымша қамтамасыз ету қажеттілігінсіз беріледі, жеңілдікті (төлемнің мерзімін ұзарту) кезеңі - бір жыл. Сонымен бірге, таяу арада Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялаудың кезекті кезеңінің іске қосылуы күтілуде. Бағдарлама шарттарына сәйкес, айналым қаражаттарын толықтыруға және негізгі құралдар сатып алуға, құрылысқа берілетін кредиттер бойынша, сондай-ақ технологиялық жабдықтар мен ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға арналған лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемелері жылдық 7% дейін төмендетілуге тиіс, өз кезегінде мал шаруашылығы мен жемшөп өндірісі салаларына қажетті ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтар сатып алуға жасалатын шарттар бойынша пайыздық мөлшерлемені мемлекет 10 % мөлшерінде субсидиялайды (қарыз алушының 50 бас а/ш жануарларының немесе жемшөп дақылдарын өсіруге арналған жер телімдерінің бар болуы туралы растама құжаты болған жағдайда). «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы лизингке сатылып алынатын «кеңінен таралған» техникалардың ішінде, тракторлар мен тұқым сепкіштерден басқа, тырма, кун, соқа, пішен тайлауыш, қопсытқыш, дестелегіш сияқты техника түрлері бар. Айта кеткен жөн, диқаншылардың көктемгі-егіс жұмыстары шеңберінде сатып алатын техникаларының көпшілік бөлігі – отандық өндірістікі, атап айтқанда, ең кеңінен таралған үлгілерінің бірі - «СемАз» Семей автоқұрастыру зауытында жасалған «Белорус» тракторы. Техникаға арналған аспалы жабдықтар АҚШ-тан ғана емес, сондай-ақ Ресейден, Беларуссиядан, Украинадан, Канададан, Германиядан және басқа да елдерден сатылып алынады. Анықтама үшін: «ҚазАгроҚаржы» АҚ 15 жыл қызметі ішінде құны 344,8 млрд.теңгеге барлығы 34 мың бірлік техника мен жабдық сатып алуды қаржыландырған. 2015 жылға арналған қаржыландыру жоспарына сәйкес, а/ш техникасын сатып алуға 32 млрд.теңге бөлінген, жыл қортындысы бойынша жоспардың орындалу деңгейі – 130% құрады, құны 41,5 млрд.теңгеге 4 103 бірл. техника сатылып алынды. 2016 жылдың көктемгі-егіс және егін жинау науқандарын қаржыландыруға «ҚазАгро» ұлттық холдингі компаниясы бойынша тұтас алғанда, бүгінгі таңда республиканың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен жалпы сомасы шамамен 48 млрд. теңгеге 1 555 өтінім келіп түсті. Қазіргі уақытқа келіп түскен өтінімдердің 1 515 мақұлданды, оның ішінде жиынтық сомасы 49,9 млрд. теңгеге 1 410 өтінім бойынша қаржыландыру жүзеге асырылған.

Дата:  19.05.2016 11:41:00
Вернуться к списку
;