8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Новости

«ҚазАгроҚаржы» компаниясының  2011 жылғы инвестжобалары 19.01.2012 «ҚазАгроҚаржы» компаниясының 2011 жылғы инвестжобалары X 19.01.2012 Өткен 2011 жылы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніндегі отандық лизингілік компаниямен ауылдағы инвестициялық жобалардың іске асырылуы шеңберінде құрылысы «ҚазАгроҚаржы» желісі бойынша X қаржыландырылған 36 өндірістік объект іске қосылды. Естеріңізге сала кетейік, «ҚазАгроҚаржы» АҚ еліміздің ауыл шаруашылығы секторындағы 14 инвестициялық бағыттың операторы болып табылады. Әңгіме республикада ірі тауарлы-сүт фермаларының, ет бағытындағы құс фабрикаларының, жылыжай шаруашылықтарының, көкөніс қоймаларының, ауыл шаруашалығы техникаларын құрастыру өндірістерінің, мал бордақылау алаңдарының, етті қайта өңдеу кешендерінің, асыл тұқымдық (репродуктор) шаруашылықтарының, сойыс пункттерінің желісін құру бойынша перспективалық жобаларды қаржыландыру жөнінде болып отыр. Бұдан басқа компания жемшөп өндірісіне, қазақстандық астық экспортының инфрақұрылымын дамытуға және оны терең қайта өңдеуге, астық қоймаларын тұрғызу мен модернизациялауға, тамшылатып суару технологиясын енгізуге, биязы жүн өндіру мен оны қайта өңдеуді дамытуға байланысты жобаларды да қаржыландырады. 2011 жылы іске қосылған өндірістердің ішінде – өнімділігі жоғары шетел селекциясының малдары бар үш жаңа заман сүт кешені (Қызылорда облысындағы «РЗА» АҚ фермасы, Павлодар облысындағы «Галицкое» ЖШС, Қостанай облысындағы «Сарыағаш» ЖШС алғашқы іске қосылған кешені), өнім сақтауға арналған жоғары технологиялы жабдықпен жарақтандырылған сыйымдылық көлемі әр түрлі жеті көкөніс қоймасы (ШҚО-ғы «Иртыш-ТАНур плюс» ЖШС, Алматы облысындағы «Касымхан А.Н.» ЖК, Павлодар облысындағы «МАЯК» ШҚ жобасының бірінші кезеңі, ОҚО-ғы «Керемет Центр» ЖШС, Алматы облысындағы «Жаңа Ақ дала» ЖШС, Астана қ-ғы «Астана-Агро-АА» ЖШС, Атырау қ-ғы «Атаба компаниялар тобы» ЖШС), екі жылыжай кешені (Қарағанды қаласындағы «Green Technology» ЖШС, ОҚО-ғы «Аделя» ШҚ) және асыл тұқымды (репродуктор) шаруашалықтар құру бойынша алты жоба (Ақмола облысындағы "Оксановка-1" ЖШС және и «Новорыбинский и К» ЖШС, Қостанай облысындағы «Север-Агро Н» ЖШС, ОҚО-ғы «Ақсанат Инжиниринг» ЖШС және «Алтын Дан» ЖШС, Қарағанды облысындағы «Мереке» ШҚ). Қайта өңдеу секторында бұдан бұрынырақ «ҚазАгроҚаржы» компаниясы қаржыландырған бірқатар жобалар іске қосылды. Олардың қатарында Қарағанды қаласындағы «Қарағанды сүт комбинаты» ЖШС сүт өнімдері өндірісі, Жамбыл облысындағы Байменов МС ЖШС сүтті қайта өңдеуге арналған шағын зауыты, диірмен жабдығы бойынша үш жоба - «Төңкеріс АҚП» ЖШС (Ақмола облысы), «Уразбаев» ШҚ, «Еркен» ШҚ (Павлодар облысы), Көкшетау қаласындағы «Бижан» ЖК ІҚМ союға арналған желісі, Атырау қаласындағы «Атаба компаниялар тобы» ЖШС және ШҚО-ғы «Балқаш-Нан» ЖШС нан және нан-тоқаш өнімдерін өндіру бойынша жобалары, БҚО-ғы «PREMIUM FOODS» ЖК етті қайта өңдеу кешені, Павлодар облысындағы «Победа» ЖШС құрама азық шығаратын зауыты, СҚО-ғы «Егін» ЖШС қысқа кесілген макарон мен жайма өндіру желісі, Алматы облысындағы "Карим" ШҚ үйрек бройлерлерін қайта өңдеу желісі. 2011 жылы «ҚазАгроҚаржы» компаниясының қаржыландыруымен Қарағанды облысында «КазАвиаСПЕКТР» ЖШС мамандандырылған ауыл шаруашылығы ұшақтарын өндіру бойынша және ОҚО-да «Zero Max KZ» ЖШС жылыжайларға қажетті трубалар мен жиынтықтаушы бөлшектер өндіру бойынша екі зауыт іске қосылды. Республиканың ауыл шаруашылығындағы жобаларға «ҚазАгроҚаржы» АҚ несиелендіру мен лизинг сияқты екі қаржы институттары арқылы қолдау жасайды. Бұл ретте 2011 жылы компания қазақстандық шаруашылықтар мен агроқұрылымдарға 7,7 млрд. теңгеден астам қарыз қаражатын бөлді. Лизингке 32 млрд. теңгеге жуық сомаға 11 мың техника мен жабдық берілген. Жалпы өткен жыл ішінде «ҚазАгроҚаржы» еліміздің аграрлық секторына шамамен 40 млрд. теңге инвестициялады. «ҚазАгроҚаржы» АҚ ауылдағы инвестициялық жобаларды іріктеп, оларды әрі қарай қаржыландыруды Үкіметтің Экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі бірлескен іс-қимылдар жоспары шеңберінде жүргізеді, аталмыш жоспарға сәйкес агроөнеркәсіптік кешенді үдемелі дамытуға «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына 2009 жылы 120 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлінген. «ҚазАгроҚаржы» АҚ – ҚР Үкіметінің қаулысымен 1999 жылы құрылған компания. Негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржы қаражаттарына, сонымен қатар лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникалары мен технологиялық жабдықтарға деген қол жетімілігін қамтамасыз ету арқылы республиканың аграрлық секторын дамытуды қолдау. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына енеді. «ҚазАгроҚаржы» АҚ баспасөз қызметі. Ринат Тасболатов, тел: (7172) 58-04-11 ішкі 343 Моб.: +7 701 460 91 82; e-mail: rinat_t@kaf.kz

Дата:  19.01.2012
Вернуться к списку
;