8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Новости

«ҚазАгроҚаржы» АҚ жаңа көкөніс қоймалары 06.10.2011 Бүгінгі таңда «ҚазАгроҚаржы» жиынтық сыйымдылығы 73,6 мың тоннаға дейін жететін көкөніс қоймаларының құрылысын қаржыландыруда. Қазақстандық лизингілік компания жалпы сомасы 3,5 млрд. теңгеге 15 жобаны мақұлдады. Осы объектілердің бәрі де өздерінің қуаттылығы жағынан ғана емес, сонымен бірге конструкциялары жағынан да әр түрлі болып келеді. Алайда, олардың бәрінің басын біріктіретін – жоғары технологиялы жабдықтар орнатыла отырып, көкөністердің сапасын 9-10 айға дейін сақтауға мүмкіндік беретін қазіргі заман технология бойынша салынып жатқандығы. Қазіргі кезде «ҚазАгроҚаржы» мақұлдаған жобалардың ішінен ендігі 4 көкөніс қоймасы іске қосылып, жұмыс істеп тұр. Онда отандық ірі жер иеленушілер өсіріп шығарған жеміс-көкөніс өнімдерінің 17 мың тоннасын сақтауға болады. Қалған жобалардың іске асырылуы 2011 жылдың қазан айы мен 2012 жылға жоспарланған.
Қолданыстағы жобалардың ішінде:
- Павлодар облысындағы 7 050 тонна өнім сақтауға арналған "Ақтогай Агро" фирмасы» ЖШС көкөніс қоймасы. Кәсіпорын Ақтоғай, Ақтоғай ауданы аумақтарында картоп өсірумен айналысады. Объект 2010 жылдың қараша айында іске қосылған.
- Шығыс Қазақстан облысындағы 4 000 тонна өнім сақтауға арналған "Агрофирма "Приречное" ЖШС көкөніс қоймасы. Объект 2010 жылдың желтоқсан айында іске қосылған.
- Павлодар облысындағы 3 000 тонна өнім сақтауға арналған "Андас" ШҚ көкөніс қоймасы. Объект 2010 жылдың желтоқсан айында іске қосылған.
- Шығыс Қазақстан облысындағы 3 000 тонна өнім сақтауға арналған "Иртыш-Танур плюс" ЖШС көкөніс қоймасы. Объект 2011 жылдың сәуір айында іске қосылған.
Келесі аптада Астана қаласындағы сыйымдылығы 3,2 мың тонна жаңа көкөніс қоймасына жеміс-көкөніс өнімдерін сақтауға орналастыру жұмысы басталмақшы. Сонымен бірге, биылғы жылдың аяғына дейін және 2012 жылдың ішінде Алматы облысында 2 көкөніс қоймасы, Павлодар облысында – 2, Оңтүстік Қазақстан облысында – 3 көкөніс қоймасы, сонымен қатар Атырау, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында бір-бірден көкөніс қоймалары іске қосылмақшы.
Естеріңізге сала кетейік, «ҚазАгроҚаржы» жалпы алғанда, еліміздің ауыл шаруашылығындағы 14 инвестициялық бағыттың операторы болып табылады. Әңгіме республикада ірі-тауарлы сүт фермаларының, ет бағытындағы құс фабрикаларының, жылыжай шаруашылықтарының, көкөніс қоймаларының желілерін, ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру өндірістерін, мал бордақылау алаңдарын, етті қайта өңдеу кешендерін, асыл тұқымды мал шаруашылықтарын (репродукторлар), сойыс пункттерінің желілерін құруға, сонымен қатар қазақстандық астық экспортының инфрақұрылымын дамытуға және оны терең қайта өңдеуге, астық қоймаларын тұрғызу мен модернизациялауға, тамшылатып суару технологиясын енгізуге және биязы жүн өндіру және оны қайта өңдеуге байланысты перспективалы жобаларды қаржыландыру жөнінде болып отыр.
«ҚазАгроҚаржы» оларды іске асыру үшін шамамен 94 млрд. теңге жұмсамақшы болып көздеп отыр.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ – 1999 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен құрылған компания. Негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қаржы қаражаттарын, сондай-ақ лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникалары мен технологиялық жабдықтарды алуға қолайлы жағдай жасау арқылы республиканың аграрлық секторын дамытуға қолдау жасау. «ҚазАгро» Ұлттық холдингтің құрамына енеді.


«ҚазАгроҚаржы» АҚ баспасөз қызметі.
Ринат Тасболатов, тел: (7172) 55-73-41 ішкі 427
Моб.: +7 701 460 91 82;
e-mail: rinat_t@kaf.kz

Дата:  06.10.2011
Вернуться к списку
;