8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Новости

«ҚазАгроҚаржы» АҚ жаңа бағыттары және   қаржыландыру шарттары 19.01.2011 «ҚазАгроҚаржы» АҚ 2011 жылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне ұсынатын қызмет аясын кеңейтіп, қаржыландыру шарттарына кейбір өзгерістер енгізді. Бұл туралы 18 қаңтарда Қостанайда өткен көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізуге және инвестициялық жобаларға мемлекеттік қолдау жасау мәселелері жөніндегі мәжіліс барысында компанияның Басқарма төрағасы Айтжанов Дулат мәлімдеді.

Көпшілікке мәлім, «ҚазАгроҚаржы» он жылдан бері отандық ірі жер иеленушілерге ауыл шаруашылығы техникаларының паркін жаңартуға қаржылай қолдау жасап келеді. Қаржыландыру лизинг және несиелендіру сияқты құралдар арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте шаруалар өндірушілер мен жеткізушілерді ғана емес, сонымен қатар сатып алатын техниканың технологиялық мүмкіндіктерін де таңдай алады. Ауыл кәсіпкерлерін қолдау ретінде жасалатын келесі қадам – қайта өңдеу салалары үшін жабдық сатып алуға ықпал жасау, содан кейін республиканың Ұлттық қор қаражатынан ауылдағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру жөнінде кең ауқымды бағдалама әзірлеу.
«ҚазАгроҚаржы» басшысының айтуынша, 2011 жылдан бастап, компания ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдауға арналған көлік құралдарын қаржыландыра бастады. Сонымен бірге мал шаруашылықтары асыл тұқымды мал сатып алу мүмкіндігін алды. Кейбір бағдарламалар бойынша пайыз мөлшерлемелері және қарыз алушы тарапынан ортақ қаржыландыру сомасы төмендетілген, сонымен қатар қаржыландыру мерзімі 10 жылға дейін ұзартылған. Айтжанов Дулат мырза атап кеткен шаралары ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік белсенділігін әрі қарай ынталандыруға, республикадағы аграрлық өнеркәсіпті дамыту үшін қаржы қаражаттарына деген қол жетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Облыс, аудан әкімдіктері, «ҚазАгро» Ұлттық холдинг, сонымен қатар аймақ шаруашылықтары мен түрлі агроқұрылымдарының өкілдері қатысқан мәжіліс барысында 2011 жылға арналған «ҚазАгроҚаржы» АҚ инвестициялық жоспарлары және Қостанай облысының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға байланысты мәселелерді шешу жолдары жөнінде айтылған болатын. Бұл ретте, отандық лизингілік компания еліміздің негізгі астық егетін аймақтарының біріне 2000 жылдан бастап шамамен 34 млрд. теңге инвестициялағаны жөнінде айтылды. Жалпы сомасы 29 млрд. астам теңгеге 2 083 бірлік техниканы сатып алуға қаржыландырылған. Облыста бес инвестициялық жоба қаржыландырылды – жылына 1882 тонна құс етіне арналған «Жас Қанат» ЖШС ет бағытындағы құс фабрикасы және жылына 12 мың тоннаға арналған «Комсомольская құс фабрикасы» АҚ, 400 бас ІҚМ арналған «Садчиковское» ЖШС және 1250 бас ІҚМ араналған «Сарыағаш» ЖШС ірі-тауарлы сүт фермалары, жылына 3 мың тонна көкөніс сақтауға арналған «Ермек-К» ЖШС көкөніс қоймасы.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ – 1999 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен құрылған компания. Негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қаржы қаражаттарын, сонымен қатар лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникалары мен технологиялық жабдықтарын алуға қолайлы жағдай жасай отырып, республикамыздың аграрлық секторын дамытуға қолдау жасау. «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ құрамына енеді.


«ҚазАгроҚаржы» АҚ баспасөз хатшысы
Ринат Тасболатов, тел: (7172) 55-73-41( ішкі 427)
моб.: +7 701 460 91 82;
e-mail: rinat_t@kaf.kz


Дата:  19.01.2011
Вернуться к списку
;