8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Новости

Ақтөбе облысы жобаларына арналған қаражат 19.01.2011
«ҚазАгроҚаржы» компаниясы 2011 жылы еліміздің агроөнеркәсіптік кешеніне шамамен 38,4 млрд. теңге инвестицияламақшы болып жоспарлап отыр. Қаражат әр түрлі жобаларды қаржыландыруға, сондай-ақ, республиканың ірі жер иеленушілерінің қажеттіліктері үшін ауыл шаруашылығы техникалары мен техникалық жабдықтар сатып алуға бағытталатын болады.

Инвестициялық тұрғыда агроөнеркәсіптік кешені белсенді дамып келе жатқан аймақ ретінде Ақтөбе облысына «ҚазАгроҚаржы» АҚ аса көп көңіл аударады. 2000 жылдан бергі кезең аралығында 12,5 миллиардтан астам теңгеге жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің өтінімдерін қаржыландырғанын айтсақ та жеткілікті, оның 8 млрд. теңгесі ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуға бағытталған. Осы қаражатқа аймақтың түрлі шаруашылықтары мен агроқұрылымдары 833 бірлік трактор, комбайн мен басқа техника сатып алды.
2011 жылы техника мен қайта өңдеу жабдықтарынан басқа, жоспарланған қаржы шеңберінде отандық лизингілік компания ауылдағы инвестициялық жобаларды қаржыландыруды жалғастыра бермек. Жалпы еліміздің ауыл шаруашылығындағы алты бағытта перспективалық жобаларды (ірі тауарлы-сүт фермаларының, құс фабрикаларының, көкөніс қоймаларының, жылыжай шаруашылықтарының, көкөніс қоймаларының желілерін құру және дамыту, ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру өндірістерін ұйымдастыру, сонымен қатар жеміс-көкөніс, техникалық және май дақылдарын өндіруде тамшылатып суару технологиясын енгізу) қаржылай қолдауға «ҚазАгроҚаржы» 17,7 млрд. теңге бағыттамақшы болып отыр. Көпшілікке мәлім, компания инвестжобаларды 2009 жылдан бастап Үкіметтің Экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі бірлескен іс-қимылдар жоспарына сәйкес және агроөнеркәсіптік кешенді жеделдетіп дамытуға «ҚазАгро» Ұлттық холдинг компаниясына бөлінген қаражат шеңберінде қаржыландырып келеді. Осы күнге дейін компанияға әр түрлі жобаларды қаржыландыруға АӨК субъектілерінен барлығы 200 өтінім келіп түсті. Бұл ретте қазіргі кезеңге компанияның Несие комитеті мен Инвестжобаларды іріктеу жөніндегі қоғамдық комиссияның мақұлдауымен жалпы сомасы 30,6 млрд. теңгеге 35 жоба бойынша оң шешім қабылданды.

Ақтөбе облысы бойынша бүгінгі таңда үш инвестжоба іске асырылған. Әңгіме Мартұқ ауданы Саржансай ауылындағы «Айс» ЖШС 1 100 бас ірі қара малға арналған сүт фермасы, Алғы ауданы Бестамақ поселкесіндегі 40 000 бас шошқаға арналған «Парижская коммуна ХХI» ЖШС шошқа кешені, Ақтөбе қаласы жанындағы «Izet Greenhouse» ЖШС жылыжай кешені жөнінде болып отыр.

Айта кеткен жөн, жобаларды Ұлттық қор қаражатынан қаржыландыру келесі шарттарда жүзеге асырылады: 12 жылға дейін жылдық 6 пайыз және негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең – 2 жыл.

Облыстың ауыл тұрғындарының жан-жақты ақпаратты және жобалары бойынша кеңесті, ал қажет болса – қажетті құжаттар пакетін жинауда көмекті «ҚазАгроҚаржы» АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалынан алуға мүмкіндіктері бар. Филиалдың мекен-жайы – Ақтөбе қ., Сәнкібай батыр даңғ., 14 Р үй, телефоны: (8-713-2) ф 55-28-63, 55-28-64 e-mail: akt@kaf.kz, akt2@kaf.kz.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ баспасөз қызметі
Ринат Тасболатов, тел: (7172) 55-73-41( ішкі 427)
моб.: +7 701 460 91 82;
e-mail: rinat_t@kaf.kz


Дата:  19.01.2011
Вернуться к списку
;