8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Новости

«ҚазАгроҚаржы» АҚ 2011 жылға арналған  инвестициялық жоспары. 29.12.2010
2011 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ еліміздің агроөнеркәсіп кешеніне шамамен 38,4 млрд. теңге инвестицияламақшы болып жоспарлап отыр. Қаражат әр түрлі бағыттарды, сонымен қатар республиканың шаруашылықтары мен агроқұрылымдарының қажеттіліктері үшін ауыл шаруашылығы техникалары мен қайта өңдеу технологияларын сатып алуды қаржыландыруға бағытталатын болады.

Жоспарланған сома шеңберінде отандық лизингілік коампания ауылдағы инвестициялық жобаларды да әрі қарай қаржыландыра бермекші. Еліміздің ауыл шаруашылығындағы алты бағыт бойынша перспективалық жобаларға (ірі-тауарлы сүт фермаларын, құс фабрикаларының, жылыжай шаруашылықтарының, көкөніс қоймаларының желілерін құру және дамыту, ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру өндірісін ұйымдастыру, сонымен қатар жеміс-көкөніс, техникалық және май дақылдарын өндіруде тамшылатып суару технологиясын енгізу) қаржылай қолдау жасауға «ҚазАгроҚаржы» АҚ 17,7 млрд. теңге бағыттамақшы. Көпшілікке мәлім, Үкіметтің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі бірлескен іс-қимылдар жоспарына сәйкес, компания «ҚазАгро» Ұлттық холдинг компаниясына агроөнеркәсіп кешенін жеделдетіп дамытуға бөлінген қаражат шеңберінде инвестжобаларды 2009 жылдан бастап қаржыландырып келеді. Қазіргі кезде түрлі жобаларды қаржыландыруға АӨК субъектілерінен компанияға барлығы 225 өтінім келіп түсті. Бұл ретте бүгінгі күнге дейін компанияның Несие комитеті және Инвестжобаларды іріктеу жөніндегі қоғамдық комиссия жалпы сомасы 30,6 млрд. теңгеге 35 жоба бойынша оң шешім қабылдады. Олардың қатарында сегіз жоба ірі-тауарлы сүт фермаларын салу, он жоба көкөніс қоймасын салу және алты жоба ет бағытындағы құс фабрикасын салу бойынша.

Жобаларды Ұлттық қор қаражатынан қаржыландыру келесі шарттарда жүзеге асырылатынын айта кеткен жөн: 12 жыл мерзімге жылдық 6 пайызбен және 2 жыл негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең .
Алдымыздағы жылға «ҚазАгроҚаржы» АҚ инвестициялық қоржынына Ұлттық қор қаражатынан, сондай-ақ, меншікті және тартылған қаражаттардан басқа, 4,5 млрд. теңге көлемінде республикалық бюджет қаржысы да салынған, олар алдағы егіс және астық жинау науқанына қарай ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға жұмсалатын болады. Тағы бұдан басқа технологиялық жабдықтар, арнаулы техникалар, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы және балық шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жабдықтары сатылып алынбақшы. Естеріңізге түсіре кетейік, «ҚазАгроҚаржы» компаниясы 1999 желтоқсанда құрылған сәтінен бастап, лизинг және несиелендіру сияқты құралдар арқылы ауылдықтарға жалпы сомасы 134,7 млрд. теңгеге 16 мың бірлік техника сатып алуға қаржыландырды. Бүгінгі таңда компания еліміздің аграрлық секторындағы лизинг нарығының 40 пайызға жуығын қамтып отыр.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ – 1999 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен құрылған компания. Негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қаржы қаражаттарын, сондай-ақ, лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникаларын және технологиялық жабдықтар алуға қолайлы жағдай туғыза отырып, республиканың аграрлық секторын дамытуға қолдау жасау. «ҚазАгро» Ұлттық холдингтің құрамына енеді.



«ҚазАгроҚаржы» АҚ баспасөз хатшысы
Ринат Тасболатов, тел: (7172) 55-73-41( ішкі 427)
моб.: +7 701 460 91 82;
e-mail: rinat_t@kaf.kz


Дата:  29.12.2010
Вернуться к списку
;