8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Новости

2011 жылғы егін егу науқанына арналған техника. 28.04.2011

«ҚазАгроҚаржы» көктемгі-егіс жұмыстарының басталуына қарай «СемАЗ» ЖШС жасап шығарған 300 «Беларус» тракторларын сатып алды. Отандық лизингілік компания мен Семейдегі машина жасау кәсіпорыны арасындағы шарт арқылы көзделген көлемнің бәрі осыншалық. Бүгінгі таңда шамамен 120 бірлік техника республиканың шаруашылықтары мен агроқұрылымдарының қарамағына ендігі жеткізілген. Бұл ретте қазақстандық «Беларустарға» өтінімдердің болуына қарай «ҚазАгроҚаржы» биылғы жылы «СемАЗдан» сатылып алынатын техника көлемін ұлғайта алады.

Жалпы, 2011 жылғы ауыл шаруашылығы іс-шаралары шеңберінде және қазіргі сұранысты ескере келіп, «ҚазАгроҚаржы» 700 бірліктен аса әр түрлі ауыл шаруашылығы техникалары мен оларға арналған аспалы жабдықтар сатып алмақшы. Тиісті шарттар ауыл шаруашылығы техникаларының қазақстандық өндірушілермен және жеткізушілермен қатар, жақын және алыс шетелдердегі серіктестермен де жасасылған. Бұл ретте «ҚазАгроҚаржы» компаниясына қаржыландыруға келіп түскен өтінімдерге қарағанда, 600 бірліктен аса техника өз иелерін ендігі тапқан немесе жақын арада табады.

Айта кету керек, ауыл тұрғындарына техника сатып алуды қаржыландыру екі құрал – лизинг және несиелендіру арқылы жүзеге асырылады. Қаржыландыру шарттары мен проценттік мөлшерлемелер қаржыландыру көзіне байланысты. Республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен сатылып алынатын техника келесі талаптарда қаржыландырылады: 7 жылға дейін жылдық 4 пайыз. Меншікті және қарыз қаражаттары есебінен сатып алу – 7-10 жылға дейін 11,5 және 9,9 пайыз. Бүгінгі таңда «ҚазАгроҚаржы» кейбір бағдарламалар бойынша проценттік мөлшерлемелерді төмендету үстінде, сонымен қатар еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан республиканың агроөнеркәсіптік кешеніндегі жаңа перспекивалы әрі маңызды бағыттарды қаржыландырмақшы болып жоспарлап отыр. Жаңа енгізілімдер жөнінде кейін хабарланады.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ – ҚР Үкіметінің қаулысымен 1999 жылы құрылған компания. Негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қаржы қаражаттарын, сонымен қатар лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникалары мен технологиялық жабдықтарын алуға қолайлы жағдай жасай отырып, республиканың аграрлық секторын дамытуға қолдау жасау. «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ құрамына енеді.


«ҚазАгроҚаржы» АҚ баспасөз қызметі
Ринат Тасболатов, тел: (7172) 55-73-41( ішкі 427)
моб.: +7 701 460 91 82;
e-mail: rinat_t@kaf.kz


Дата:  28.04.2011
Вернуться к списку
;