8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

AGCO және «ҚазАгроҚаржы» арасындағы келіссөздер

18.04.2011 Астанада американдық AGCO корпорациясы мен «ҚазАгроҚаржы» АҚ арасында келіссөздер өтті. Кездесу барысында ауыл шаруашылығы техникаларын жеткізу саласындағы және Қазақстан аумағында оларды құрастыру өндірісін ықтимал ұйымдастыру жөніндегі компаниялардың ынтымақтастық болашағы талқыланды. AGCO өкілі, Шығыс Еуропа, бизнес дамыту жөніндегі директор Бо Гейдтің айтуынша, ауыл шаруашылығы техникаларының толық желісін жеткізумен қатар, корпорация бірқатар ТМД елдерінде өнеркәсіптік құрастыру режимінде ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру бойынша меншікті өндірісін ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруда, соның ішінде Қазақстанда да. Осы шара шеңберінде компания тұтынушыға қолайлы болу үшін, өзінің логистикалық және өндірістік шығындарын төмендетпекші. «ҚазАгроҚаржы» компаниясы ынтымақтастыққа әзір екенін білдірді және американдық серіктестердің тараптарынан нақты әрекет жасалған жағдайда, ықпал жасау мүмкіндігі жөнінде айтылды. «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма Төрағасы Айтжанов Дулат Нулиұлы айтқандай, қазақстандық ірі жер иеленушілер тарапынан қызығушылық болған жағдайда, компания өнімді өткізуге көмек көрсетуге әзір. Сонымен қатар, біз өндірістің өзін де ішінара қаржыландыруға дайынбыз, өйткені «ҚазАгроҚаржы» шетелдік озық технологияларды тартуға мүдделі. Сонымен бірге кездесуде нарық болашағы, қаржыландыру шарттары жөнінде мәселелер талқыланды, содай-ақ, Кедендік Одақ жағдайында бизнес жүргізу мәселелері қаралды. AGCO корпорациясы – көлемі жағынан дүниежүзіндегі ауыл шаруашылығы техникаларын өндіретін үшінші өндіруші. 1990 жылы құрылған және бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы техникаларының толық спекторын ұсынады, оған тракторлар, комбайндар, жемшөп жинайтын техникалар және жер өңдеуге арналған жабдықтар кіреді. Корпорацияның шығаратын өнімі «Challenger», «Fendt», «Valtra», «Massey Ferguson», «Sunflower» брендтерімен өткізіледі. AGCO корпорациясының дүние жүзінің 140 елінде, Қазақстанды қосқанда, 2800 артық тәуелсіз дилерлер мен дистрибьюторлардан тұратын аумақты ғаламдық желісі бар. 2010 жылдың қорытындысы бойынша корпорацияның сату көлемі 6,8 млрд. АҚШ долларын құрады. «ҚазАгроҚаржы» АҚ – ҚР Үкіметінің қаулысымен 1999 жылы құрылған компания. Негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қаржы қаражаттарын, сонымен қатар лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникалары мен технологиялық жабдықтарын алуға қолайлы жағдай жасай отырып, республиканың аграрлық секторын дамытуға қолдау жасау. 2000 – 2010 жж. аралығында ҚР АӨК-не 193,2 млрд. теңге қаржы инвестициялады, сонымен қатар, жалпы сомасы 126,3 млрд. теңгеге 16 046 бірлік әр түрлі ауыл шаруашылығы және арнаулы техникаларды сатып алуға қаржыландырды. «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ құрамына енеді. «ҚазАгроҚаржы» АҚ баспасөз қызметі Ринат Тасболатов, тел: (7172) 55-73-41 ішкі 427 Моб.: +7 701 460 91 82; e-mail: rinat_t@kaf.kz

Дата:  18.04.2011
Вернуться к списку
;