8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Новости

БАҚ үшін хабар. Қазақстандық фермалар үшін асыл тұқымды мал. 06.04.2011 Қазақстанда бүгінгі таңда 11 жаңа ірі-тауарлы сүт фермалары іске қосылып, тұрақты түрде жұмыс атқаруда. Олардың құрылысы және қажетті жабдық пен асыл тұқымды мал сатып алу «ҚазАгроҚаржы» компаниясының қаржы лизингісі арқылы жүзеге асырылған. Жалпы 2007 жылдан 2010 жылға дейінгі кезең ішінде отандық лизингілік компания республиканың агроқұрылымдарына арнап 4443 бас голштино-фриз тұқымының асыл тұқымды жоғары өнімді сүтті малдарын сатып алған. Өткен жылдың соңына қарай бұл фермалардағы таза асыл тұқымды голштиндердің саны 6433 жетті. Мал басының көбеюі ендігі жерде өзінің ұдайы өндірісі есебінен жүзеге асырылып отыр.

Голштино-фриз тұқымының асыл тұқымды төлдерін «ҚазАгроҚаржы» негізінен Канададан және Венгриядан, ал технологиялық жабдықтарды «AGRALIS GmbH» (Германия), «DELAVAL EXPORT SERVICE AB» (Швеция), «Mas Agro» (Голландия), «Van der Ploeg» (Голландия), Hunland GMBH (Венгрия) сияқты жетекші дүние жүзілік өндірушілерден сатып алады.

Қазіргі кезде компания қаржыландыруға Павлодар, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан тағы да 3 жобаны мақұлдады. Алматы облысынан құны 17 млрд. теңгеге жоғары технологиялы ферма жобасы қаралу үстінде. Бұл ретте «ҚазАгроҚаржы» жоғары технологиялы сүт фермаларын құру бойынша жобаларды қаржыландыруға ауыл тұрғындарынан өтінімдерді әлі де болса қабылдауда. Естеріңізге сала кетейік, инвестициялық жобаларды қаржыландыру – 12 жыл мерзімге жылдық 6 пайыз шарттарында және негізгі қарызды өтеу бойынша 2 жыл жеңілдікті кезеңмен жүзеге асырылады.

«ҚазАгроҚаржы» желісі бойынша сатып алынған шетел селекциясының асыл тұқымды малы бар қолданыстағы тауарлы-сүт фермалары (ТСФ) жөнінде ақпарат:


- «Зенченко и Компания» коммандиттік серіктестігінің 1000 бас малға арналған ТСФ (СҚО, Қызылжар ауданы, Новоникольское с.). Канада селекциясының 752 малы сатып алынып, жеткізілген. Жабдығы Германия өндірісінікі.

- «Агрофирма «Родина» ЖШС 1000 бас малға арналған ТСФ (Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Приозерное с.). Канада селекциясының 752 малы сатып алынып, жеткізілген. Жабдығы Германия өндірісінікі.

- «Турар» ЖШС 800 бас малға арналған ТСФ (Қостанай облысы, Федоров ауданы, Чистый Чандак п.). Меншікті өз малы. Жабдығы Германия өндірісінікі.

- «Тайынша-Астык» ЖШС 1700 бас малға арналған ТСФ (СҚО, Тайынша ауданы, Ясная поляна с.). Канада селекциясының 568 малы сатып алынып, жеткізілген. Жабдығы Германия өндірісінікі.

- «Есиль-Агро» ЖШС 1200 бас малға арналған ТСФ (Ақмола облысы, Щучинск ауданы, Кенесары с.). Венгрия селекциясының 597 бас малы сатып алынып, жеткізілген. Жабдығы Швеция өндірісінікі.

- «Айдарбаев» ЖШС 330 бас малға арналған ТСФ (Алматы облысы, Еңбекші қазақ ауданы, Саймасай с.). Венгрия селекциясының 165 бас малы сатып алынып, жеткізілген.

- «Агрофирма «АКАС» ЖШС 230 бас малға арналған ТСФ (БҚО, Теректі ауданы, Шаған с/о). Венгрия селекциясының 221 бас малы сатып алынып, жеткізілген. Жабдығы Германия өндірісінікі 

- «Сорочинское-2030» ЖШС 500 бас малға арналған ТСФ (Қостанай облысы, Сары көл ауданы, Сорочинка п.). Венгрия селекциясының 299 бас малы сатып алынып, жеткізілген. Жабдығы Германия өндірісінікі 

- «АЙС» ЖШС 1100 бас малға арналған ТСФ (Ақтөбе облысы, Мартұқ ауданы, Саржансай с.). Жабдығы Голландия өндірісінікі.

- «РЗА» ЖШС 1200 бас малға арналған ТСФ (Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би с.). Венгрия селекциясының 660 бас малы сатып алынып, жеткізілген. Жабдығы Голландия өндірісінікі.

- «Садчиковское» ЖШС 400 бас малға арналған ТСФ (Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Садчиковка п.). Венгрия селекциясының 231 бас малы сатып алынып, жеткізілген. Жабдығы Венгрия өндірісінікі.

Айта кеткен жөн, бүгінгі таңда Қазақстанда жалпы түрлі тұқымның 40 мың бас ірі қара сауын малы бар шамамен 85 асыл тұқымды мал шаруашылығы және 15 асыл тұқымды зауыт жұмыс істеп тұр. Асыл тұқымды зауыттардағы бір сиырдың орташа өнімділігі жылына 4 000 кг сүт, асыл тұқымды мал шаруашылықтарында – 2900 кг. Бұл ретте мал шаруашылығы жағынан дамыған елдерден «ҚазАгроҚаржы» импорттайтын малдың өнімділігі 6-12 мың кг шегінде. Қазіргі заман қазақстандық фермаларда басқа елдерден әкелінген голштиндерден орташа есеппен 7 мың кг сүт алынады. «ҚазАгроҚаржы» сарапшыларының айтуынша, қазіргі заман отандық фермалар толық өндірістік қуатқа шығатын жағдайда, сонымен қатар ондағы төлдейтін малдың саны көбейсе, селекциялық жұмыс дұрыс жүргізіліп, мал асырау жағдайы жақс а рса, қазақстандық шаруалар арнайы шығарылған голштино-фриз тұқымының генетикалық әлеуетімен көзделген ең жоғарғы көрсеткіштерге жете алады. Мұның бәрі еліміздің ішкі нарығын таза сүтпен толықтыру үшін, сондай-ақ, қазақстандық өңдеу кәсіпорындарының қуатын сапалы шикізатпен барынша қамту үшін жасалып отыр. 

«ҚазАгроҚаржы» АҚ – негізгі мақсаты ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді қаржы қаражаттарымен, сонымен қатар лизинг негізінде ауыл шаруашылық техникаларымен және технологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету арқылы республикамыздың аграрлық секторына қолдау жасау болып табылатын компания. 1999 жылы ҚР Үкіметінің Қаулысымен құрылған. 2009 жылдан бастап еліміздің ауыл шаруашылығында – қазіргі заман ірі-тауарлы сүт фермаларын, құс фабрикаларының, жылыжай шаруашылықтарының, көкөніс қоймаларының желісін құру және дамыту, ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру өндірістерін ұйымдастыру, жеміс-көкөніс, техникалық және май дақылдарын өндіруде тамшылатып суару технологиясын енгізу сияқты алты бағытта перспективалы жобаларды қаржыландырып келеді. «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ құрамына енеді.


«ҚазАгроҚаржы» АҚ баспасөз қызметі
Ринат Тасболатов, тел: (7172) 55-73-41 ішкі 427
Моб.: +7 701 460 91 82;
e-mail: rinat_t@kaf.kz

Дата:  06.04.2011
Вернуться к списку
;