8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

«Егінжай» бағдарламасы

"Егінжай" бағдарламасы қаржы лизингі келесі талаптарда жүзеге асырылады:

Нысаналы мақсаты

Өндіру, құрастыру және / немесе комбайндар *, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылған кептіргіш

Құралы

лизинг

Мерзімі

7 жылға дейін

Алғашқы лизингтік төлемі

лизинг заты құнының 10% кем емес

Мөлшерлемесі

жылдық 14,5 %

Тиімді мөлшерлемесі

жылдық 14,8 % бастап

Қамтамасыз ету

қажет/қажет емес

Негізгі борыш және/немесе сыйақы бойынша жеңілдікті кезең

жоқ

                       Қаржыландыру    көзі Бюджеттен тыс көздер БТК (БЖЗҚ) – қаржыландыру БТК-ден Қоғамның меншікті өз қаражаты есебінен және тартылған қаражаттары есебінен, соның ішінде БЖЗҚ-нан тартылған қаражаттар есебінен жүзеге асырылады.Бұл ретте, БЖЗҚ-нан тартылған қаражаттар есебінен лизингтік жобаларды (ауыл шаруашылығы техникасын және жабдықтарды кейін лизингке табыстау үшін сатып алу) қаржыландыру тек ет және сүт өндіру мен қайта өңдеу, сондай-ақ мал азығы өндірісі бойынша бағыттардың шеңберінде ғана жүзеге асырылады, ал қалған жағдайларда қаржыландыру БЖЗҚ-нан тартылған қаражаттарды қоспағанда, БТК қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.

Ерекше талаптар

1) бірінші лизингтік төлем лизинг заты табысталғанға дейін төленетін жағдайда, қамтамасыз ету талап етілмейді;

2) лизинг заты алғашқы лизингтік төлем төленерге дейін табысталатын жағдайда, оны төлеу бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде, кепілдікті құны лизинг затының жалпы құнының 10 % кем емес келесі кепілзатпен қамтамасыз етіледі:
- болашақта келіп түсетін ағымдағы жылдың астық өнімінің кепілі (астық кепілі астық қолхаты бойынша рәсімделгенге дейін). Кепілзат шарты лизинг заты Лизинг алушыға табысталғанға дейін рәсімделеді;
- астық қолхаты бойынша астық кепілі (егін жиналғаннан кейін). Кепілзаттық қамтамасыз ету  алғашқы лизингтік төлем төленгеннен кейін босатуға жатады;
- немесе өзге өтімді мүлік (алғашқы лизингтік төлем төленерге дейін).Қамтамасыз ету алғашқы лизингтік төлем төленгеннен кейін босатуға жатады.


* «Егінжай» бағдарламасы бойынша лизинг заттарын «Шебер-лизинг» қызметі шеңберінде алуға болады. «Шебер-лизинг» қызметі – бұл агроөнеркәсіптік кешеннің субъектілері үшін лизингтік кредит желісін ашу және лизинг арқылы 1 (бір) жылға қаржыландыру лимитін белгілеу мүмкіндігі, мұның шеңберінде қарыз алушы 1 (бір) жылдың ішінде толық құжаттар пакетін қайтадан тапсырмай, шартты жасасу сәтіне қолданыстағы талаптарда 1 (бір) жыл ішінде қаржы лизингі шарттарын жасай алады.


«ҚазАгроҚаржы» АҚ Директорлар кеңесінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 14 шешімімен бекітілген.