8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Қайталама лизинг

Нысаналы

мақсаты

 бастапқы қаржы лизингі шартының бұзылуына байланысты Қоғамның теңгеріміне қойылған лизинг заты (монтажды қажетсінбейтін ауыл шаруашылығы техникасы; арнаулы техника; ауыл шаруашылығы және балық өнімдерін, биологиялық активтерді тасымалдау бойынша көлік құралдары)*

бастапқы қаржы лизингі шартының бұзылуына байланысты Қоғамның теңгеріміне қойылған лизинг заты (монтажды қажетсінетін/қажетсінбейтін жабдық; монтажды қажетсінетін техника)

Мерзімі

7 жылға дейін

12 жылға дейін

Алғашқы лизингтік төлемі

 

лизинг заты құнының 12% кем емес

Қамтамасыз ету

қажет емес

Қоғамның Кредит комитетінің шешімі бойынша

Негізгі борыш бойынша жеңілдікті кезең

 

 

қажет емес

 

 

2 жылға дейін

Сыйақы бойынша жеңілдікті кезең

Сыйақы мөлшерлемесі

 

 

сыйақы мөлшерлемесі осы Қаржыландыру талаптарының Ерекше шарттарына сәйкес белгіленеді

Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі

Ерекше талаптары

Қайталама лизинг бойынша, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес, мынадай ерекше талаптар белгіленеді:

1)     бастапқы қаржы лизингі шарты бұзылған күнтізбелік кварталдың ішінде қайталама қаржы лизингі шартын жасасу;

2)     қайталама қаржы лизингі шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері бастапқы лизинг шарты бойынша мөлшерлеме мөлшерінен аспайды;

3)     қайталама қаржы лизингі шарты бойынша лизинг мерзімі 3 (үш) жылдан кем емес.

Қаржы лизингі шарттарының бұзылуына байланысты теңгерімге алынған лизинг заттарын лизингке орналастыру кезінде мынадай сыйақы мөлшерлемесі белгіленеді:

- қайталама лизинг кезінде (Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес): сыйақы мөлшерлемесі бастапқы қаржы лизингі шарты бойынша мөлшерлеменің мөлшерінде белгіленеді;

- «қайталама лизинг» критерийлеріне сәйкес келмейтін қаржы лизингі кезінде, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес: тартылған қаражаттың валютасына индекстеуді қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бастапқы қаржы лизингі шарты бойынша мөлшерлеменің мөлшерінде белгіленеді.

Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кестесі

- негізгі борышты төлеу: жылына 1 (бір) реттен кем емес;

- сыйақы төлеу: кварталына 1 (бір) реттен кем емес.


*«Қайталама лизинг» бағдарламасы бойынша лизинг заттарын «Шебер-лизинг» қызметі шеңберінде алуға болады. «Шебер-лизинг» қызметі – агроөнеркәсіптік кешеннің субъектілері үшін лизингтік кредит желісін ашу және лизинг арқылы 1 (бір) жылға қаржыландыру лимитін белгілеу мүмкіндігі, мұның шеңберінде қарыз алушы 1 (бір) жыл ішінде толық құжаттар пакетін қайтадан тапсырмай, шарт жасасу сәтіне қолданыстағы талаптарда 1 (бір) жыл ішінде қаржы лизингі шарттарын жасай алады «Экспресс-лизинг» бағдарламасы бойынша лизинг заттарын «Шебер-лизинг» қызметі шеңберінде алуға болады.

"ҚазАгроҚаржы" АҚ Директорлар кеңесінің 28.03.2018ж. №6 шешімімен бекітілген. 
;