8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

«Егінжай» бағдарламасы

Нысаналы

мақсаты

Қазақстан Республикасының аумағында құрастырылған және/немесе өндірілген комбайндар*

Мерзімі

до 7 лет

Алғашқы лизингтік төлемі

лизинг заты құнының 10% кем емес

Қамтамасыз ету

қажет емес/қажет

Негізгі борыш бойынша жеңілдікті кезең

 

 

жоқ

 

 

Сыйақы бойынша жеңілдікті кезең

Сыйақы мөлшерлемесі

 

14,5 %

Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі

 

 

14,8% бастап

Ерекше талаптары

1) алғашқы лизингтік төлемінің мөлшері лизинг заты құнының 10% кем емес. Бұл ретте, бұрын Қоғам қаржыландырған лизинг алушылар үшін, бірінші лизингтік төлемнің төленуі Қоғамның Кредит комитетінің шешімі бойынша лизинг заты табысталғаннан кейін, бірақ ағымдағы күнтізбелік жылдың 15 қыркүйегінен (күздік дәнді дақылдар үшін) кешікпей және 15 қарашасынан (жаздық дәнді дақылдар үшін) кешікпей белгіленуге тиісті;

2) алғашқы лизингтік төлемі лизинг заты табысталғанға дейін төленген жағдайда, қамтамасыз ету қажет емес;

3) лизинг заты алғашқы лизингтік төлемі төленгенге дейін табысталған жағдайда, оны төлеу бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету ретінде, кепілдікті құны лизинг затының жалпы құнының 10 % кем емес келесі қамтамасыз ету беріледі:

- болашақта келіп түсетін* (астық кепілі астық қолхаты бойынша рәсімделгенге дейін) ағымдағы жылғы егін астығының кепілі. Кепіл шарты Лизинг алушыға лизинг заты табысталғанға дейін рәсімделеді;

- астық қолхаты бойынша астық кепілі (егін шығымы жиналғаннан кейін). Қамтамасыз етілген кепілзат алғашқы лизингтік төлем төленгеннен кейін босатуға жатады;

- немесе басқа өтімді мүлік (алғашқы лизингтік төлем төленгенге дейін). Қамтамасыз ету алғашқы лизингтік төлем төленгеннен кейін босатуға жатады.

4) лизинг алушы тұқым себілген жер телімдерінің бар болуын растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.

Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кестесі

- негізгі борышты төлеу: жылына 1 (бір) реттен кем емес;

- сыйақы төлеу: кварталына 1 (бір) реттен кем емес.


* «Егінжай» бағдарламасы бойынша лизинг заттарын «Шебер-лизинг» қызметі шеңберінде алуға болады. «Шебер-лизинг» қызметі – бұл агроөнеркәсіптік кешеннің субъектілері үшін лизингтік кредит желісін ашу және лизинг арқылы 1 (бір) жылға қаржыландыру лимитін белгілеу мүмкіндігі, мұның шеңберінде қарыз алушы 1 (бір) жылдың ішінде толық құжаттар пакетін қайтадан тапсырмай, шартты жасасу сәтіне қолданыстағы талаптарда 1 (бір) жыл ішінде қаржы лизингі шарттарын жасай алады.

;