8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Асыл тұқымды шаруашылықтар (репродукторлар) құру және қолданыстағыларын дамыту


«Асыл тұқымды шаруашылықтар (репродукторлар) құру және қолданыстағыларын дамыту» инвестициялық бағыты бойынша қаржыландыру/қайта қаржыландыру келесі талаптарда жүзеге асырылады:

Атауы

Құрылыстық-монтаж жұмыстары

Жабдық

Техника

ІҚМ

Айналым қаражаттары

Құралы

қарыз

қарыз / лизинг

қарыз

Мерзімі

12 жылға дейін

7 жылға дейін

5 жылға дейін

Ортақ қаржыландыру

жобаның жалпы сомасының 15% бастап

Мөлшерлемесі

жылдық 17,3 %

Тиімді мөлшерлемесі

жылдық 17,7 % бастап

Қамтамасыз ету

қажет

қажет / қажет емес

қажет

Негізгі борышты төлеу

жылына 1 реттен сирек емес ***

Сыйақыны төлеу

кварталына 1 реттен сирек емес ***

 Негізгі борыш бойынша кезеңі

3 жылға дейін 

 2 жылға дейін      1 жылға дейін

Сыйақы бойынша кезеңі

1 жылға дейін

 

Қаржыландыру көзі

Бюджеттен тыс көздер БТК (БЖЗҚ) – қаржыландыру БТК-ден Қоғамның меншікті өз қаражаты есебінен және тартылған қаражаттары есебінен, соның ішінде БЖЗҚ-нан тартылған қаражаттар есебінен жүзеге асырылады.Бұл ретте, БЖЗҚ-нан тартылған қаражаттар есебінен лизингтік жобаларды (ауыл шаруашылығы техникасын және жабдықтарды кейін лизингке табыстау үшін сатып алу) қаржыландыру тек ет және сүт өндіру мен қайта өңдеу, сондай-ақ мал азығы өндірісі бойынша бағыттардың шеңберінде ғана жүзеге асырылады, ал қалған жағдайларда қаржыландыру БЖЗҚ-нан тартылған қаражаттарды қоспағанда, БТК қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.

Ерекше шарттары

Жоба көздеуге тиісті:

•      жаңа репродуктор-шаруашылығының құрылуын, қолданыстағысының жаңартылуын, ұлғайтылуын.

•      асыл тұқымды ІҚМ, не болмаса Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісім бойынша, шетел селекциясының жоғары өнімді басқа ІҚМ пайдаланылуын;

•      қазіргі заманғы мал бордақылау технологияларының енгізілуін;

•      жемшөп базасының бар болуы мен жеткіліктілігінің расталуын.

Ірі қара малдың лизингі кезінде:

•      ІҚМ тұқымдары жөніндегі республикалық палатада тіркелген, отандық селекцияның ет бағытындағы ірі қара малдарының (бұдан әрі – ІҚМ) асыл тұқымды төлдері. Лизингке табысталатын асыл тұқымды ІҚМ әрбір бірлігінің табиғи қасиеттері қандай да болсын бір тұқымға тән жалпы (генетикалық, анатомиялық, морфологиялық және т.б.) белгілерге сай келуге тиісті.

•      ІҚМ лизингке беру кезінде, жасалатын қаржы лизингі шартының бүкіл қолданылу мерзіміне ғимараттар (үй-жайлар) орналасатын жер телімдерімен бірге ІҚМ ұстауға арналған ғимараттарды (қора-жайларды), сондай-ақ жайылым жерлерге және мал азығын дайындауға арналған жер телімдерін кепілге салу талап етіледі.

•      ет бағытындағы ІҚМ қаржыландыру, малдар бұрын Қоғам, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «ҚазАгроӨнім» АҚ қаржыландырған репродукторлардан сатып алынған жағдайда жүзеге асырылады.

* Негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдерді өтеудің кестесі бойынша жеке қаржыландыру берілетін несие комитеті шешіміне сәйкес қоғамның іске асырылатын жобаның ерекшеліктеріне сүйене отырып белгіленуі мүмкін. Бұл ретте осы тармақта көрсетілгеннен кем болмауы тиіс негізгі борыш пен сыйақының төлеу кезеңділігі қаржыландыру шарттарының.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Директорлар кеңесінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 14 шешімімен бекітілген.



;