Монтажды қажетсінетін техника мен жабдықтың қаржы лизингі


Нысаналы мақсаты

монтажды қажетсінетін техника мен жабдық

Мерзімі

10 жылға дейін

Алғашқы лизингтік төлемі

лизинг заты құнының 15% кем емес

Қамтамасыз ету

қажет

Негізгі борыш бойынша жеңілдікті кезең

 

2 жылға дейін

Сыйақы бойынша жеңілдікті кезең

 

1 жылға дейін

Сыйақы мөлшерлемесі

 

14,5 %

Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі

 

 

14,8% бастап

Ерекше талаптары

1) қаржыландыру мерзімі осыған ұқсас инвестициялық бағыт бойынша шекті мерзімге сәйкес белгіленеді (қар. инвестициялық бағыттарды қаржыландыру);

2) жасалатын қаржы лизингі шартының бүкіл қолданылу мерзіміне ғимараттар (үй-жайлар) орналасатын жер телімімен бірге, лизинг заттарының монтажы жүзеге асырылатын ғимараттардың (үй-жайлардың) кепілі қажет;

3) лизинг алушы лизинг затының құнының кемінде 25 % мөлшеріндегі алғашқы лизингтік төлемді лизинг заты табысталғанға дейін төлеген кезде,  ғимараттар (үй-жайлар) орналасатын жер телімімен бірге жабдықтың/техниканың монтажы жүзеге асырылатын ғимараттарды (үй-жайларды) кепілге салу қажет емес, егер мұндай жабдықтың/техниканың ықтимал бөлшектенуі оның құндылығының жойылуына (оның жағдайының нашарлауына) әкеліп соқпайтын болса, және лизингке берілетін жабдық/техника ғимараттың (үй-жайдың) жалпы алаңының 50 % кемін құрайтын бөлігінде орналаспайтын болса, бұл ретте жер телімімен қоса үй-жайдың құны техниканың/жабдықтың өз құнынан сөзсіз (әлденеше рет) асып түседі, сондай-ақ келесі жағдайлардың бірі болған жағдайда:

- ғимараттар (қора-жайлар) орналасқан жер телімін қамтамасыз ету ретінде берудің нормативтік құқықтық актілермен негізделген мүмкінсіздігі; 
- жер теліміне салынған ауыртпалықтың болуы;

Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кестесі

- негізгі борышты төлеу: жылына 1 (бір) реттен кем емес;

- сыйақы төлеу: кварталына 1 (бір) реттен кем емес.


"ҚазАгроҚаржы" АҚ Директорлар кеңесінің 28.03.2018ж. №6 шешімімен бекітілген.