24.01.2012 «ҚазАгроҚаржы» АҚ мелиоративтік техниканы қаржыландыра бастады
«ҚазАгроҚаржы» АҚ жаңа қаржыландыру бағытын бекітіп, жекелеп алған аймақ шаруаларының тілектерін қолдады. Енді Қызылорда облысының күріш өсірушілерінің «ҚазАгроҚаржы» компаниясының қаржы лизингісінің арқасында мелиоративтік жұмыстар жүргізуге арналған екі мақсатты техника сатып алуға мүмкіндіктері бар.
«ҚазАгроҚаржы» компаниясының 2011 жылғы инвестжобалары
Өткен 2011 жылы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніндегі отандық лизингілік компаниямен ауылдағы инвестициялық жобалардың іске асырылуы шеңберінде құрылысы «ҚазАгроҚаржы» желісі бойынша X қаржыландырылған 36 өндірістік объект іске қосылды.
06.10.2011 «ҚазАгроҚаржы» АҚ жаңа көкөніс қоймалары
Бүгінгі таңда «ҚазАгроҚаржы» жиынтық сыйымдылығы 73,6 мың тоннаға дейін жететін көкөніс қоймаларының құрылысын қаржыландыруда. Қазақстандық лизингілік компания жалпы сомасы 3,5 млрд. теңгеге 15 жобаны мақұлдады. Осы объектілердің бәрі де өздерінің қуаттылығы жағынан ғана емес, сонымен бірге конструкциялары жағынан да әр түрлі болып келеді.
26.05.2011 «ҚазАгроҚаржы» Қазақстанда жемшөп өндірісін қаржыландыра бастады
«ҚазАгроҚаржы» жемшөп өндіру бойынша инвестициялық жобаларды қаржыландыра бастағанын жариялады. Ішіне суару жүйелерін енгізу және пайдалану, техникалар мен жабдықтар сатып алу, құрама жем кәсіпорындарын салу және ұлғайту енетін, жемшөп өндірісіне байланысты агрономиялық іс-шараларға отандық лизингілік компания тек 2011 жылдың өзінде шамамен 1,2 млрд. теңге қаржы бағыттамақшы болып жобалап отыр.
23.05.2011 «ҚазАгроҚаржы» АҚ жаңа басшысы тағайындалды
Бүгін «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамында жаңа басшы тағайындалды. Басқарма Төрағасы Малелов Нұрлыбек Төлебайұлы болды, осы тағайындалуына дейін «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ Басқарушы директоры болып қызмет атқарып, Басқарма мүшесі болған.
04.05.2011 «ҚазАгроҚаржы» АӨК қаржыландыру мөлшерлемесін төмендетпекші
«ҚазАгроҚаржы» агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландыру мөлшерлемесін төмендету жөнінде хабарлайды. Биылғы жылдың мамыр айынан бастап компанияның меншікті қаражаты есебінен қаржыландыру мөлшерлемесі 11,5 пайыздан 9 пайызға дейін төмендейді.
28.04.2011 2011 жылғы егін егу науқанына арналған техника.
«ҚазАгроҚаржы» көктемгі-егіс жұмыстарының басталуына қарай «СемАЗ» ЖШС жасап шығарған 300 «Беларус» тракторларын сатып алды. Отандық лизингілік компания мен Семейдегі машина жасау кәсіпорыны арасындағы шарт арқылы көзделген көлемнің бәрі осыншалық. Бүгінгі таңда шамамен 120 бірлік техника республиканың шаруашылықтары мен агроқұрылымдарының қарамағына ендігі жеткізілген. Бұл ретте қазақстандық «Беларустарға» өтінімдердің болуына қарай «ҚазАгроҚаржы» биылғы жылы «СемАЗдан» сатылып алынатын техника көлемін ұлғайта алады.
18.04.2011
AGCO және «ҚазАгроҚаржы» арасындағы келіссөздер
Астанада американдық AGCO корпорациясы мен «ҚазАгроҚаржы» АҚ арасында келіссөздер өтті. Кездесу барысында ауыл шаруашылығы техникаларын жеткізу саласындағы және Қазақстан аумағында оларды құрастыру өндірісін ықтимал ұйымдастыру жөніндегі компаниялардың ынтымақтастық болашағы талқыланды.
AGCO және «ҚазАгроҚаржы» арасындағы келіссөздер
Астанада американдық AGCO корпорациясы мен «ҚазАгроҚаржы» АҚ арасында келіссөздер өтті. Кездесу барысында ауыл шаруашылығы техникаларын жеткізу саласындағы және Қазақстан аумағында оларды құрастыру өндірісін ықтимал ұйымдастыру жөніндегі компаниялардың ынтымақтастық болашағы талқыланды.
06.04.2011 БАҚ үшін хабар. Қазақстандық фермалар үшін асыл тұқымды мал.
Қазақстанда бүгінгі таңда 11 жаңа ірі-тауарлы сүт фермалары іске қосылып, тұрақты түрде жұмыс атқаруда. Олардың құрылысы және қажетті жабдық пен асыл тұқымды мал сатып алу «ҚазАгроҚаржы» компаниясының қаржы лизингісі арқылы жүзеге асырылған. Жалпы 2007 жылдан 2010 жылға дейінгі кезең ішінде отандық лизингілік компания республиканың агроқұрылымдарына арнап 4443 бас голштино-фриз тұқымының асыл тұқымды жоғары өнімді сүтті малдарын сатып алған. Өткен жылдың соңына қарай бұл фермалардағы таза асыл тұқымды голштиндердің саны 6433 жетті. Мал басының көбеюі ендігі жерде өзінің ұдайы өндірісі есебінен жүзеге асырылып отыр.
10.03.2011 ҚР Президентінің 2011 жылы 10 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысына жасайтын жұмыс бабындағы сапарына және Ордабас ауданындағы Құс фабрикасына баруына қатысты
Күркетауық өсіруге, союға және оның етін қайта өңдеуге арналған жоғары технологиялы құс кешені бүгін ҚР Президентінің Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс бабындағы сапары барысында баратын алғашқы объектісі болады деп жоспарлануда.
Бет: 1 2 Келесi Барлығы








