8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Лизинг алушылардың назарына. ДСҰ ставкасы бойынша кедендік декларациялауға қатысты

Лизинг алушылардың назарына. ДСҰ ставкасы бойынша кедендік декларациялауға қатысты 20.06.2019

Жұртқа мәлім, алыс шетелден әкелінген лизинг нысаналарына Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің ставкасы бойынша кедендік әкелу баждары салынады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 105 бұйрығымен бекітілген Кедендік әкелім баждары, ставкалар мөлшері мен олардың қолданылу мерзімі қолданылатын тауарлар тізбесіне сәйкес, Бірыңғай кедендік тарифпен бекітілген ставкалардан төменірек ставка (ДСҰ ставкасы) қолданылады. Сонымен қатар, тауарларды еркін айналымға шығарғаннан кейін, ДСҰ ставкасы бойынша кедендік декларациялау жағдайында пайдалану бойынша шектеу бар, атап айтқанда мұндай тауарларды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге тыйым салынады.

Мұндай ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарына доңғалақты және шынжыр табанды тракторлар, MacDon шалғылары (тракторға және дестелегішке бөлінеді), егін жинауға арналған өзге де машиналар (дестелегіштер, іріктегіштер), қызылша сабақтарын кесетін машиналар мен қызылша жинайтын машиналар, лазерлі тегістеуіштер, тоңазытқыш жабдығы жатады.

Лизинг алушылардың осы жеңілдіктерді пайдалана алуы үшін, «ҚазАгроҚаржы» АҚ 2019 жылы өзінің бизнес-үдерістеріне өзгерістер енгізгенін хабарлаймыз.

Лизинг алушы кедендік ресімдеуді ДСҰ ставкасы бойынша жүзеге асырғысы келген жағдайда, онымен ерекше талаптар көзделген қаржы лизингі шарты жасалады.

Байл.телефоны: 59-28-79, ішкі 4100

Менеджер: Ақерке Көккөзова


Дата:  20.06.2019
Вернуться к списку
;