8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің елордалық департаментінің басшысы Нұр-сұлтан қаласында «ҚазАгроҚаржы»АҚ ұжымымен кездесу өткізді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің елордалық департаментінің басшысы Нұр-сұлтан қаласында «ҚазАгроҚаржы»АҚ ұжымымен кездесу өткізді 18.04.2019

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің елордалық департаментінің басшысы Жазира Жылқышиева «ҚАЗАГРОҚАРЖЫ» АҚ топ-менеджерлерімен және қызметкерлерімен осы құрылымның орталық аппаратында кездесу өткізді. Бейнеконференц байланысы арқылы кездесуге Қоғамның аумақтық бөлімшелерінде жұмыс істейтін қызметкерлер қатысты.

Кездесу барысында Жазира Жылқышиева Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің негізгі қызмет бағыттары жөнінде әңгімелеп берді.

Атап айтқанда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында, азаматтардың мемлекеттік қызметтерді сапасыз көрсетуге байланысты проблемаларын жедел шешуге мүмкіндік беретін "Digital agent" мобильдік қосымшасы әзірленгені атап өтілді.

Қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы арқасында кез келген азамат әлеуметтік объектілер бюджетінің жұмсалуын бақылап отыру мүмкіндігіне ие болады.

«Астана – адалдық алаңы» жобасының шеңберінде әртүрлі, әсіресе жастардың арасында адалдықты, ашықтық пен парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар өткізіледі.

Кездесу қорытындысы бойынша Жазира Жылқышиева «ҚазАгроҚаржы» АҚ қызметкерлерін қызықтыратын сұрақтарға жауап беріп, оларға жұмыста табыс тіледі.


Дата:  18.04.2019 10:51:00
Вернуться к списку
;