8 (7172) 58-04-37

Call-center

Kz Ru En

Тез тамақтану өнімдерін өндіретін жаңа комбинат

14.11.2017
 Астанада «КПК «KazBrand» ЖШС тез тамақтану өнімдерінің жаңа комбинаты жұмысын бастады. Бастапқы кезеңде комбинат кеспе шығара бастады, кейін кәсіпорын бұл өнім түрінің ассортиментін ұлғайтатын болады, сондай-ақ әртүрлі тұздықтар мен дәмдеуіштер өндірісін жолға қоймақшы. Бұл туралы Баспасөз туры барысында «КПК «KazBrand» ЖШС Бас директоры Алмаз Зарипов мәлімдеді. Комбинат басшысы атап өткендей, жоба құрылыстық-монтаж жұмыстарына және технологиялық жабдық лизингіне 900 000 000 теңгеден аса қаржы бөлген «ҚазАгроҚаржы» АҚ тиімді қолдауының арқасында іске асырылған.
«Жоба «ҚазАгроҚаржы» АҚ қолдауының арқасында іске асырылған. Біз лизингке жабдық сатып алдық және құрылыстық-монтаж жұмыстары жағынан көмек көрсетілді. Сондай-ақ, жалпы айналымдық қаражаттарды толықтыру мәселелері бойынша да қолдау көрсетеді», - деді Алмаз Зарипов.

Кәсіпорын басшысы айтып кеткендей, бұл өнім мен түс қоспалары табиғи, таза болып табылады және олардың көпшілік бөлігі Қазақстанда сатылып алынады. Оның айтуынша, дайындау рецептурасы толығымен пысықталып, сертификаттаудан өткен. Сонымен қатар, ол әңгімелеу барысында, қаптаманың орташа құны салмағы 100 грамм болғанда, 130-135 теңгеден аспайтын болады деп атап өтті.


«Біздің кеспеміздің бір қаптамасының салмағы 100 грамм, ал енді біздің бәсекелестеріміз, Ресейден әкелушілер осы бағамен салмағы 70 грамм өнімді сататынын ескерулеріңізді өтінемін», - деп атап өтті Алмаз Зарипов.


Кәсіпорынның қуаты жылына шамамен 30 000 000 қаптаманы құрайды, айына 3 000 000 қорап және одан жоғары. Қамыр илене бастаған кезден бастап түпкілікті өнім шыққанға дейін орташа есеппен 15-17 минутқа жуық уақыт өтеді. Бір жұмыс күнде кәсіпорын 100 000 қаптама кеспе дайындай алады, бұл сағатына 12 500 жуық қорап деген сөз. Бірақ бұл әлі де боса шегі емес, кәсіпорын басшылығы шынын айтқандай, олар шығарылатын өнім көлемін ең кем дегенде 2 есе ұлғайтпақшы.

«Біз шамамен 30 жұмыс орнын құрдық, дегенмен бізге әлі де болса адамдар қажет. Өндіріске 90 адамдай керек. Біз өндірісті тәулік бойы жұмыс істейтін кәсіпорынға айландырып, жұмыспен барынша жүктегіміз келеді. Сондай-ақ, жұмысқа біз жұмыс тәжірибесі мен дағдылары жоқ адамдарды да қабылдай беретінімізді айтып кеткім келеді, біз оларды осында үйретеміз», - деп әңгімесін қортындылады кәсіпорын басшысы.

Анықтама: «ҚазАгроҚаржы» АҚ – 1999 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен құрылған компания. Негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржы қаражаттарына, сондай-ақ лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникалары мен технологиялық жабдықтарға деген қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы республиканың аграрлық секторын дамытуға қолдау жасау.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ қазақстандық лизингтік қызметтер нарығында жетекші компания болып табылады.

Дата:  14.11.2017
Вернуться к списку