8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

ҚР Президентінің 2011 жылы 10 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысына жасайтын жұмыс бабындағы сапарына және Ордабас ауданындағы Құс фабрикасына баруына қатысты

ҚР Президентінің 2011 жылы 10 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысына жасайтын жұмыс бабындағы сапарына және Ордабас ауданындағы Құс фабрикасына баруына қатысты 10.03.2011
Күркетауық өсіруге, союға және оның етін қайта өңдеуге арналған жоғары технологиялы құс кешенібүгін ҚР Президентінің Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс бабындағы сапары барысында баратын алғашқы объектісі болады деп жоспарлануда.

Естеріңізге түсіре кетейік, құс фабрикасының ашылу рәсімі өткен жылғы желтоқсан айының аяғында Елбасына Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасының объектілерін алғашқы таныстыру барысында өткен болатын.

ЖШС жобасын отандық лизингілік компаниясының еліміздің агроөнеркәсіптік кешеніндегі инвестициялық жобаларды іске асыруы шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржыландырған. Ордабасы ауданының Бадам ауылында орналасқан құс фабрикасының құны 3 млрд. 802 млн. теңге, оның 3 млрд. 090 млн. теңгесі – «ҚазАгроҚаржы» АҚ желісі бойынша қаржыландырылған.

Бірінші кезеңдегі жаңа құс фабрикасының өндірістік қуаты – жылына бес мың тоннаға жуық күркетауық еті. Бұл ретте «ҚазАгроҚаржы» АҚ сарапшыларының бағалауы бойынша, кәсіпорынның толық өндірістік қуатқа шығуы бойынша бюджетке түсетін қаржы шамамен 232,3 млн. теңгені құрайды. Сонымен бірге құс фабрикасының іске қосылуы аймақтағы кейбір әлеуметтік мәселелерді шешуге де ықпалын тигізбек. Бүгінгі таңда 270 жұмыс орны құрылған. Өндірістің дамуымен қатар қосымша тағы да 230 маман жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Айта кеткен жөн, құс фабрикасын салу арқасында жақын орналасқан Ұялы жар және Ынтымақ ауылдарының тұрғындары да табиғи газбен қамтамасыз етілді.

Жобаны іске асыру барысында «ҚазАгроҚаржы» АҚ бөлген қаражатқа құрылыстық-монтаж жұмыстарынан басқа, дүниежүзілік жетекші өндірушілердің (Бельгия, АҚШ, Словения, Израиль, Ресей, Қытай) жоғары технологиялық жабдығы сатылып алынды. Негізгі жеткізуші және жобадағы технологиялық процестің координаторы Израиль компаниясы М.А.Д. Developing Agricultural Projects (2003) LTD болып табылады.

Құс фабрикасы күркетауық ұстау, өсіру және өнеркәсіп негізде күркетауық етін өңдеу бойынша барлық халықаралық талаптарға және стандарттарға сәйкес келеді. Шығарылатын өнім экологиялық таза өнім және «Халал» маркасының талаптарына сәйкес келетін болады.

Кешенге арналған жабдықтан басқа, 16 бірлік арнаулы техника сатылып алынған. Бүгінгі таңда инкубатор, балапандарды жетілдіру зонасы және екі құс өсіру зонасы (барлығы 15 құс қора), сою цехы іске қосылып, жүмыс істеуде. Жаңа құрама жем зауыты жұмысын бастады.

Өткен жылдың қараша айында жұмыртқа салғаннан кейін, алғашқы балапандар шығарылды. Жоғары технологиялы өндіріске қызмет көрсету үшін Израильде күркетауық өсіру және оны ұстау технологиясы бойынша қосымша оқып келген мал дәрігері, құс өсіруші мамандықтары бойынша жаңа қызметкерлер жұмысқа қабылданды.

Кәсіпорында сату маркетингі жөнге келтірілген және өз сайты қызмет атқарады: http://www.indeyka.kz. Бұдан басқа, «Дәмді ет» («Вкусное мясо») аталған сауда маркасы әзірленген.

Жалпы, «ҚазАгроҚаржы» АҚ 2000 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысына шамамен 10 млрд. теңге инвестициялады. Шаруашылық жүргізуші субъетктілердің жалпы сомасы 1 944,0 млн. теңгеге 483 бірлік техника сатып алуына қаржыландырды.

Көпшілікке мәлім, «ҚазАгроҚаржы» 2009 жылдан бастап, еліміздің ауыл шаруашылығындағы алты бағыт бойынша перспективалық жобаларды қаржыландырып келеді. Әңгіме қазіргі заман ірі-тауарлы сүт фермаларының, құс фабрикаларының, жылыжай шаруашылықтарының, көкөніс қоймаларының желілерін құру және дамыту, сонымен қатар ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру өндірістерін ұйымдастыру және жеміс-көкөніс, техникалық және май дақылдары өндірісіне тамшылатып суару технологиясын енгізу жөнінде болып отыр. Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысына инвестициялық жобаларды іріктеу шеңберінде түрлі ауыл шаруашылығы құрылымдарынан компанияға 26,7 млрд. теңгеге 27 өтінім келіп түсті, оның ішінде қазіргі күнге несие комитеті жалпы сомасы 5 млрд. теңгеден артық сомаға 8 өтінімді мақұлдады. Оның үш жобасы көкөніс қоймасын, үшеуі – жылыжай кешенін, сондай-ақ, бір-бірден – ірі тауарлы сүт фермасы мен құс фабрикасын салуға байланысты.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ – ҚР Үкіметінің қаулысымен 1999 жылы құрылған компания. Негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қаржы қаражаттарын, сонымен қатар лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникалары мен технологиялық жабдықтарын алуға қолайлы жағдай жасай отырып, республиканың аграрлық секторын дамытуға қолдау жасау. «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ құрамына енеді.



«ҚазАгроҚаржы» АҚ баспасөз хатшысы
Ринат Тасболатов, тел: (7172) 55-73-41 ішкі 427
Моб.: +7 701 460 91 82;
e-mail: rinat_t@kaf.kz


Дата:  10.03.2011
Вернуться к списку
;