СҚО арналған егіс кешендері
Қазақстандық ғаламтор-порталдарының бірінің бетінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ сылбырлығынан СҚО 14 егіс кешенін ала алмады» тақырыбымен хабар шықты. Осы ақпаратқа байланысты, «ҚазАгроҚаржы» компаниясы Солтүстік Қазақстан облысының ауыл тұрғындарына егіс кешендерін жеткізуге қатысты істің нақты жағдайына түсініктеме беру қажет деп санайды.
23.04.2012 Қазақстандағы асыл тұқымды малдың бірінші аукционы
- Осы сауда-саттықтың мақсаты өсірген асыл тұқымды малды сату ғана емес, бастысы – біздің мал шаруашылығын дамыту бойынша жалпы күшіміз нақты нәтижелер бере бастағанын бәріне көрсету, - дейді "KazBeef Ltd" ЖШС (КазБиф) асыл тұқымды шаруашылықтың директоры Бейбіт Ерубаев. Қазақстанда республиканың тарихында алғаш рет Ангус және Герефорд тұқымды етті тұқымды ірі қара малдың асыл тұқымды төлдерін сату бойынша аукцион өткізіледі. Елдің барлық аймақтарының мал шаруашылығы өкілдері шақырылған сауда-саттық осы жылдың 28 сәуір күні Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Мамай ауылында өткізіледі.
17.04.2012 Қазақстандық фермаларға арналған асыл тұқымды мал
Қазір шетелдің асыл тұқымды ірі қара малдарын сатып алып жатқан қазақстандық шаруашылықтарға республикадағы ет нарығына ықпалын тигізе бастау үшін екі-үш жыл қажет. Жарты жыл бұрын әкелінген малдардан мезеттік нәтижелердің болмауына ауыл шаруашылығынан мүлде алшақ жатқан адамдар ғана қынжылуы мүмкін, - дейді Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында орналасқан «Ақсанат инжиниринг» ЖШС мал шаруашылығы фермасында.
16.03.2012 2012 жылдың егіс науқанына дайындық
2012 жылдың егіс науқанына дайындық шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» жеткізушілерден АҚШ, Германия, Канада өндірістерінің өнімділігі жоғары 70 егіс кешенін сатып алмақшы. Жалпы құны 4 млрд. теңге тұратын техника лизингке мүдделі қазақстандық агроқұрылымдарға көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін табысталатын болады.
01.03.2012 «ҚазАгроҚаржы» «Комсомольская құс фабрикасындағы» жағдай жөнінде
«ҚазАгроҚаржы» АҚ «Комсомольская құс фабрикасына» кәсіпорынның қаржы қызметін бақылауға алып, ағымдағы өндірістік мәселелерін шешетін өзінің атқарушы директорын тағайындамақшы. 2012 жылы Қостанай облысындағы құс фабрикасы өзінің алғашқы өнімін шығармақ болып жоспарлап отыр. «Комсомольская құс фабрикасы» акционерлік қоғамындағы оқиға кейінгі күндері бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдардың тақырыбы болып отыр, соған байланысты «ҚазАгроҚаржы» құс кешеніне байланысты істің шын жағдайына қатысты түсініктеме береді.
2012 жылы қазіргі заман 6 жылыжай кешені тұрғызылатын болады
2012 жылы Қазақстанда құрылысы «ҚазАгроҚаржы» АҚ желісі бойынша жүзеге асырылатын 6 ірі жылыжай кешені іске асырылмақшы болып жоспарланып отыр. Жобалар екі қаржы институттары арқылы іске асырылады, ол – лизинг және несиелендіру. Бұл жылыжайлардың бәрі де Голландияда, Испанияда, Түркияда, Ресей мен Израильде қолданылатын технологиялар бойынша тұрғызылып жатыр.
«ҚазАгроҚаржы» компаниясының асыл тұқымды малды сақтандыру жөніндегі түсініктемесі
ҚазАгроҚаржы» компаниясы мен Қазақстанның сақтандыру компаниялары арасындағы қолданыстағы келісім отандық малшылшарға лизингке сатып алған ірі қара малды сақтандыруға байланысты шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
Қыстағы Қазақстанның жылыжайлары
Қазақстанның едәуір бөлігін жаулап алған аяздар еліміздің ең суық, солтүстік аймақтарында жұмыс істеп жатқан жаңа жылыжай кешендерінің жұмыскерлерінде алаңдатушылық тудырған жоқ. Кешен басшыларының айтуынша, бұл «жалпы нормадан ауытқыған суықтар емес», температураның мұндай төмен түсуі жылыжайларды салу кезінде ескерілген. Сырттағы аяздарға қарамастан, кәсіпорындар «жылулықты сақтап», көкөніс өнімдерін өсіру жұмыстарын одан әрі жалғастырып жатыр.
24.01.2012 «ҚазАгроҚаржы» АҚ мелиоративтік техниканы қаржыландыра бастады
«ҚазАгроҚаржы» АҚ жаңа қаржыландыру бағытын бекітіп, жекелеп алған аймақ шаруаларының тілектерін қолдады. Енді Қызылорда облысының күріш өсірушілерінің «ҚазАгроҚаржы» компаниясының қаржы лизингісінің арқасында мелиоративтік жұмыстар жүргізуге арналған екі мақсатты техника сатып алуға мүмкіндіктері бар.
Агросекторға инвестиция құйды (Айқын)
Өткен жылы бірқатар өндіріс нысандары іске қосылды. Әсіресе, «ҚазАгроҚаржы» АҚ желісі бойынша жұмысын бастаған 36 өндірістік нысанның жөні бөлек.
Бет: 1 2 3 4 Келесi Барлығы








