(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}

Суретті репортаждар

Астық қоймасындағы инженердің өмірінен бір күн

Қазақстанның «алтын» қоры: Біздің егіс алқаптарымыздан жиналған астық қайда сақталады

Биыл Қазақстанда 22 млн тоннадан астам астық жиналып алынды. Біздің егіс алқаптарымыздан жиналған «алтын» қор қайда кететінін, оның қалай сақталатынын білу үшін, NUR.KZ тілшілері қазақстандық астық қоймаларының біріндегі бас инженермен бір күн өткізді.

Бару үшін, біз Астананы  «асырап тұрған», дәлірек айтқанда, елорданың маңындағы азық-түлік белдеуінің құрамдас бөліктерінің бірі болып табылатын  астық қоймасын таңдап алып, Мариновка селосына жол тарттық. 

«Шуды естіп тұрсыз ба? Дәл қазір біз астықты қысқы сақтауға жіберіп жатырмыз. Міне, бұл сүрлем бізде толық, дән қыркүйек айында себілген болатын – ішінде сол уақыттың температурасы - 8-10 градус сақталып қалған. Аязды күнгей күні біз желдеткіштерді қосып, температураны даламен теңестіру үшін, астық салынған сыйымдылықтан жылуды тартамыз. Егер мұны жасамасақ, ішінде конденсат жиналып, астық дымқылдана бастайды», - деп әңгімеледі «Ирченко Элеватор» бас инженері   Сергей Кривошеев.


Дәнге деген қамқорлық – оның басты міндеті. Өзіне сеніп тапсырылған астық қорын бас инженер мінсіз күйінде сақтап қалуға тиіс.

Ол астық қоймасындағы астықты қабылдау, сапасын бағалау, кептіру, тазалау, сақтау, тиеу процестерінің әрқайсысын бақылауға алып, кәсіпорынның бүкіл жұмысын қалыптастырған.

«Жұмыс күнімді инженерлермен, механиктермен, бөлімше басшыларымен өткізетін жиналыстан бастаймын. Таңертеңнен бастап мен толық жұмыс күнді – қай бригада немен айналысатынын жоспарлаймын. Бізде 53 жұмысшы бар. Егін жинау науқанында, бұл қыркүйек-қазан-қараша айлары, астықты далада немесе бір лас қырманда сақтамай, жаңбырға дейін жинап алу үшін, біз тәуліктеп – үш ауысымда жұмыс істейміз.

Егер астық тиелген вагондар мен машиналар тәулік бойы келіп жатса, демек, біз де солай жұмыс істейміз – мен басынан бастап аяғына дейін барлық процестерді қадағалаймын», - дейді Сергей.

САПА СҮҢГІШІ

Бидай астық қоймасына келген кезде алғаш түсетін жері - зертхана. Бағалы жүк тиелген машина онлайн камера арқылы тексерілетін ғимараттың жанына келіп тоқтайды, ал үлкен құтан тәрізді автоматтандырылған сүңгіш бір уыс бидайды талдауға алады.

Жұмыстың дұрыс жүріп жатқанына көз жеткізу үшін, бас инженер бұл жерге күніне бірнеше рет кіреді. Зертхана меңгерушісі азғантай дәнді арнаулы аппаратқа салады.

«Ол протеинді, ылғалдылықты, крахмалын және ұлпасын көрсетеді. Осылайша біз бидайдың сапасын анықтаймыз. Сондай-ақ, ол құрғақ па әлде дымқыл ма, оны шөп-шаламнан және қоспалардан тазартудың қажеті бар ма, жоқ па, соны анықтаймыз.

Содан кейін, машина өлшеу орнына аттанады. Бізде бұл  электрлі таразы – машина, оның маркасы мен салмағы туралы ақпарат компьютерге беріледі, осылай астықтың таза салмағы есептеліп шығарылады», - дейді Сергей.

ШАМДАР ЖАНЫП ТҰРУ ҮШІН

Элеватордың ерекше бақыланатын жұмыскерлерінің бірі – бидай бөліп тұратын оператор.

«Оператордың жұмысы – ең маңызды жұмыстардың бірі. Машина екі төкпе ұраның біріне жүгін түсіреді. Олардың әрқайсысы сағатына 100 тоннаға дейін қабылдайды. Бұл астықпен не істеу керек екені туралы зертханадан операторға белгі беріледі», - деп әңгімеледі бас инженер.

Келіп түскен астық туралы деректерді Сергей компьютерден алады және ол бағалы өнімді кептіруге, тазалауға немесе бірден мал азығын сүрлейтін шұңқырға сақтауға дұрыс жіберді ме, жоқ па, соны салыстырып тексеру үшін операторға барады.


«Біздегі лицензия бидай, арпа мен майлы дақылдарды қабылдауға берілген. Мына жердегі шамдар жанып тұр – қай ысырма ашық екені, қай тасымалдағыш жұмыс істеп тұрғанын көріп тұрмыз. Астықтың барлық қозғалысын компьютерден де қарап қадағалап отыруға болады. Егер бір нәрсені дұрыс істемесе…»

Онда бұл апат, - деп инженер үшін сөзді аяқтаймыз. Егер әр түрлі бидайды байқаусызда араластырып жіберсек, онда бірде-бір Күлбике көмектеспейді. Сондықтан бақылау, тағы да бақылау.

ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ИТАЛИЯ, ИСПАНИЯ ЖӘНЕ АРГЕНТИНА

«Ирченко Элеватор» шаруашылығындағы жабдық Қазақстандағы ең сапалы жабдықтардың бірі болып саналады.

«2014 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ Италии, Испании және Аргентина өндірістерінің жабдықтарын сатып алуды қаржыландырған – олар өте қымбат тұрады. Біз 8 силос сатып алдық – оларда бірден 40 000 тоннаға дейін астық сақтауға болады. 

Міне бізде тағы Аргентина кептірігіші бар. Ол газбен жұмыс істейді – соляркадан кеткенбіз. Кептіргіштің көлемі – сағатына 30 тоннадан 40 тоннаға дейін барады. Бізде екі кептіргіш бар.

Олар толығымен автоматтандырылған – біз тек газ беру түймешігін басамыз. Олардың шығып кетуден үш қорғаныс дәрежесі бар», - шабыттана әңгімесін жалғастырды Сергей.

Элеватор астықты ендігі үшінші маусым қабылдап отыр және сынықсыз жұмыс істеп тұр – жабдық, инженердің айтуынша, берік және төзімді.

Элеватор астықты ендігі үшінші маусым қабылдап отыр және сынықсыз жұмыс істеп тұр – жабдық, инженердің айтуынша, берік және төзімді. 

Тағы да бір мақтанышымыз – сағатына 120-150 тонна астық тазалайтын «Petkus» машиналарымен астық тазалауға арналған 6-метрлік мұнара.

«Ішкі жағында барлығы уақытында майланып отыруға, нориялары уақытында керіліп тартылуға тиісті – мұның бәрі инженерлік жұмыстар. Астықты тазалар алдында машиналарға біз арпаға, бидайға, майлы дақылдарға арнап белгілі бір торларды қоямыз», - деді репортажымыздың кейіпкері.

ҚЫМБАТ ЖАБДЫҚТЫ ӘРКІМГЕ СЕНІП БЕРЕ БЕРМЕЙСІҢ

Тиейтін уақыты да келіп жетті – таза әрі құрғақ астық автомобильдерге немесе вагондарға бос төгілген күйінде немесе қаптарға салынған күйінде тиеліп жөнелтіледі. Инженер бізді қаптау цехына қарай алып жүрді – ол автоматтандырылған.


«Мұнда екі оператор жұмыс істейді – вагон 2 сағатта тиеледі. Вагон жолға тұрған кезде, компьютер оның салмағын нөлдейді және қандай салмақпен, қанша қапты түсіргенін  өзі санайды. Бұл испан жабдығы, қымбат – әркімге сеніп бере бермейсің.

Жұмыскерді үйретіп, үнемі бақылап отыру керек. Ол қалай жұмыс істейді, қаптарды қалай қояды, оның жұмысын қалай жақсарту керек. Екінші аппаратымыз да «нәзік» - ол заттаңбаларды іліп, қаптардың ауызын тігеді. Бұл жерде де мен жіптердің сапасын қадағалап отырамын – жыртылған жіп вагондардың тұрып қалу қауіпін төндіреді», - дейді Сергей Кривошеев. 

Бас инженер өзінің әрбір жұмыс күнін кабинет жұмысымен аяқтайды – әр бөлімшеден деректер жинайды, жұмыс көлемін бағалайды, қорытынды шығарады, қателер мен сынықтарды белгілейді.

Қазақстандықтар үшін «алтын» қорды сақтап қалу бойынша жұмысты одан әрі жалғастыру үшін, ол кештен бастап  кәсіпорынның жаңа күнін жоспарлайды.


Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру