(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}
"ҚазАгроҚаржы" АҚ филиалдары, Солтүстік Қазақстан облысы

Жаңалықтар

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Филиалдары жылы, Солтүстік Қазақстан облысы

«Солтүстік Қазақстан облысы еліміздің басты сарқылмас қорларының бірі болып табылады. Аймақтың аграршылары белгілі брендтер мен отандық өндірушілердің заманауи ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу арқылы машина-трактор паркін жыл сайын жаңартып отырады. Соңғы уақыттағы лизингтік қызмет нарығындағы өспелі бәсекелестікке қарамастан, филиалдың алдына ең жоғары жоспарлы көрсеткіштер қойылып, олар жыл сайын орындалып келеді. Мысалға, 2017 жылдың қорытындысы бойынша, біз 5,4 млрд. теңгеден артық сомаға 254 бірл. ауыл шаруашылығы техникасын және арнаулы техниканы орналастырдық. Ағымдағы жылдың басынан бастап қаржыландыру сомасы 4 млрд. теңгеден артық болды, оның шеңберінде 139 бірл. техника жеткізілді», - деді Дмитрий Веремский.

Сөзінің барысында Филиал директоры мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудағы Қоғамның елеулі рөлін атап өтті. Оның айтуынша, филиалдың қызмет атқарып келе жатқан уақыты ішінде Сотүстік Қазақстан облысында құны 16,4 млрд. теңге сомасына 45 инвестициялық жоба пайдалануға берілген.

«Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде біздің филиалымыздың қолдауымен облыста асыл тұқымдық репродуктор шаруашылықтарының құрылуы, астық қоймаларының, тауарлы-сүт фермаларының, көкөніс қоймаларының құрылысы және т. б. жобалар іске асырылды. ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту бағдарламасы шеңберінде аймаққа 2011 жылдан 2016 жылға дейінгі кезеңде 5 мың бас ет бағытындағы өнімділігі жоғары ірі қара мал әкелінген, соның ішінде малдар таяу және алыс шет елдерінен әкелінген» - деді Дмитрий Веремский.

2018 жылы Қоғам азық-түлік желісін ұлғайтты, фермерлердің ауыл шаруашылығы техникасына деген қажеттіліктерін барынша қанағаттандыруға бағытталған жаңа бағдарламаларды қолдануда. Біздің қарыз алушылармыз «Сенімді фермер» және «Өз жем-шөбіміз» сияқты жаңа бағдарламаларды, сондай-ақ «Шебер лизинг» бағдарламасы бойынша кредит лимитін ендігі қолданып та жатыр.

«Облыста көктемгі-дала жұмыстары жүріп жатыр. Филиал ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға тапсырылған барлық өтінімдерді қарады және бүгінгі таңда облыс фермерлері 2,6 млрд. теңгеден астам сомаға 87 бірл. техниканы лизингке алды. Өзіміздің тұрақты клиенттерімізді және жаңа клиенттерді егін жинау науқанына өтінімдермен күтеміз»,- деп сөзін қортындылады Дмитрий Веремский.

Қоғамның 2017-2026 жылдарға арналған жаңа даму стратегиясына сәйкес, басымды мақсаттарының бірі қазіргі клиенттерге деген бейілділікті арттыру және жаңа клиенттерді тарту болып табылады. Қазіргі сәтке филиалдың қоржыны 20 млрд. теңгеден асады, облыстың 500 артық лизинг алушыларын қамтиды. АШТӨ-н Қоғамның көрсететін қызметімен тарту бойынша жұмыс арта түсуде және бұл бағыттағы жұмыс одан әрі де жалғасатын болады.

Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру