(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}
"ҚазАгроҚаржы" АҚ су тасқынынан зардап шеккен қарыз алушыларға лизинг бойынша бір жарым жылға пайыз есептеуді тоқтатты

Жаңалықтар

«ҚазАгроҚаржы» АҚ су тасқынынан зардап шеккен қарыз алушыларына бір жарым жылға лизинг бойынша пайыз есептеуді тоқтатты

2020 жылдың 1 мамырында болған су тасқынына байланысты Түркістан облысының Мақтаарал ауданында жергілікті ауқымдағы техногендік төтенше жағдай жарияланды. Қазақстан Республикасының Үкіметі, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар мен қоғамдық ұйымдар су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қолдарынан келген бар көмектерін көрсетуде.

«ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниясы - «ҚазАгроҚаржы» АҚ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі А.Ұ. Маминнің Түркістан облысында болған жұмыс сапарының қорытындысы бойынша берген тапсырмаларын орындау шеңберінде өңірдің төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен  фермерлерін қолдау шараларының кешенін әзірледі.

Сонымен, су тасқынынан зиян келтірілген «ҚазАгроҚаржы» АҚ қарыз алушыларына бір жарым жыл мерзімге пайыз есептеу тоқтатылды, ал негізгі қарызды төлеу мерзімі сол уақытқа ұзартылды.

Сонымен бірге, көрсетілген кезеңге төлемдердің мерзімін өткізіп алғаны үшін тұрақсыздық айыбы есептелмейді.

Бұл шарттар Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан туындаған төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның қазіргі қарыз алушыларына қатысты қолданылатын болады.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ баспасөз қызметі

Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру