(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}
Фермерлер отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға жеңілдетілген несие ала бастады

Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы техникасын қаржыландырудың жаңа бағдарламасы іске қосылды


«Қазақстанда жасалған» ауыл шаруашылығы техникасын қаржыландырудың жеңілдетілген бағдарламасы іске қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«ҚазАгро» холдингі техникасын жаңартқысы келетін фермерлерге жеңілдік ұсынды. Шаруаларға қаржы жылдық 6% мөлшерлемесімен, 10 жылға және 1 жылға дейін лизингтік төлемдер бойынша жеңілдікпен беріледі. Инвестициялық субсидия түріндегі қолдаудың арқасында алғашқы жарна төленбейді және кепілсіз беріледі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке төтенше жағдай кезінде шағын және орта бизнесті қолдауды тапсырды. Осыған орай осы жылдың 1 сәуірінен бастап «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді қолдау мақсатында техника мен көлік құралдарын қаржыландырудың «Қазақстанда жасалған» атты арнайы жеңілдетілген бағдарламаны іске қосты.

Мұратхан Шәріпбеков, «Сызған» шаруа қожалығы төрағасының орынбасары:

– 2020 жылдың сәуір айында «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамына тапсырыс беріп, трактор алдым. Мұның тиімділігі жылдығы 6 пайызбен, бастапқы жарнасы 0 және 7 жыл мерзімге алып отырмыз. Егіп жатқан егісімізге бұл үлкен көмек.

Өтінімді қабылдау және қаралуы азайтылған құжаттар пакетінің электрондық көшірмелері негізінде жеңілдетілген тәртіппен жүзеге асырылады. Бұл бағдарламаның іске асырылуы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге елеулі қолдау көрсетіп, елдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Сондай-ақ отандық машина жасауды дамытуға оң ықпалын тигізеді.

Батырбек Сыздық, Отырар ауанық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

– Былтыр ауданымызға 52 дана техника келсе, 2020 жылы 14 дана техника алынды. Бұл аудандағы ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңартуда үлкен септігін тигізуде. Карантин кезінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жұмыстар тоқсаусыз жүргізілді.

Сонымен қатар, «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы алдағы 15 маусымға дейін шағын және орта бизнес өкілдеріне тек қарыз шарттары бойынша ғана төлеу мерзімін ұзартпай, қаржы лизингі шарттары бойынша да қарызды төлеу мерзімдерін ұзартады.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш

Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру