Қаржы лизингісі туралы Қазақстан Республикасы Заңнының 22 бабына сәйкес лизинг есебі бухгалтерлік есеп жөніндегі заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚЕҰС 1, ҚЕҰС 2, ҚЕХС (IAS) 17 «Жалгерлік» сәйкес қаржы лизингісі (қаржы жалгерлігі) бойынша шаруашылық операциялары лизинг алушының (жалға алушының) бухгалтерлік есебінде келесі тәртіпте көрсетіледі.
Жалға алушы қаржы лизингісі шарты мен затты қабылдау табыстау актісі негізінде активтер мен міндеттемлер ретінде қаржы жалгерлігін ең төмен:
- әділ құн бойынша;- ең төмен лизингілік төлемдердің дисконтталған құны бойынша көрсетуге тиісті.
Актив ретінде бастапқы мойындау өзіндік құн бойынша жүзеге асырылады.
Өзіндік құнға енеді:
+
Тасымалдау, тиеу, түсіру, монтаж бойынша шығындар
+
Шарт жасасу бойынша шығындар
+
Жалгерлік затын жұмыс қалпына келтіруге байланысты басқа тікелей шығындар.
Міндеттеме ретінде бастапқы мойындау ең төмен:
- актив мойындалған сомаға қосылатын кез келген бастапқы шығындарды қоспағанда, әділ құнға;
- актив мойындалған сомаға қосылатын қандай да болсын бастапқы шығындарды қоспағанда, дисконтталған құнға тең сомада мойындалады.
Қаржы лизингісі талаптарында қабылданған активтер талдамалы қосалқы шоттарды белгілей отырып, 2410 «Негізгі құрал-жабдықтар» бөлігінің тиісті шоттарының дебеті бойынша және 3370 «Ұзақ мерзімді кредиторлық берешектің ағымдағы бөлігі», 4150 «Жалгерлік бойынша ұзақ мерзімді берешек» шоттарының несиесі бойынша көрсетіледі.
Лизинг заттары үшін тиесілі сыйақы сомасына 7310 «Сыйақы бойынша шығындар» шоты дебеттейді және 3380 «Төленуге тиісті қысқа мерзімді сыйақылар», 4160 «Төленуге тиісті ұзақ мерзімді сыйақылар» шоттары кредиттейді.
Қаражат аударылар кезінде есеп беру кезеңіне тура келетін лизинг затының құнын өтеу бөлігіндегі сомаға - 3370 «Ұзақ мерзімді кредиторлық берешектің ағымдағы бөлігі»; есеп беру кезеңі ішінде сыйақы бойынша шығындар сомасына - 3380 «Төленуге тиісті қысқа мерзімді сыйақылар» шоттары дебеттейді және «Ақша қаражаттары» бөлікшесінің ақша қаражаттарының шоттары кредиттейді.
Қаржы лизингісі шарттары бойынша лизинг алушы лизинг заттарының тозуын есептейді. Активтердің қайда пайдаланылуына қарай, тиісті шоттар бойынша талдамалы есепте олардың тәнділігін көрсете отырып, 7110, 7210, 8045 шоттары дебеттейді, 2420 «Амортизация және негізгі құрал-жабдықтардың құнсыздануы» бөлікшесінің шоттары кредиттейді.
Қаржы лизингісі шартының қолданылу мерзімі ішінде лизинг алушы мерзімінен бұрын лизинг заттарын сатып ала алады. Бұл ретте 3360, 4150 «Жалгерлік міндеттемелер» шоты бойынша қалған сомаға тиісті бөлікшелердің ақша қаражаттарының шоттары кредиттейді. Бұл ретте, 3370, 4150 шоттары жабылады, ал 2410 «Негізгі құрал-жабдықтар» бөлікшесінің шоттары бойынша талдамалы есепте сатып алынған лизинг заттарын меншікті негізгі құрал-жабдықтар санатына ауыстыру қажет. Тиісті өзгертулер кейін есепте меншікті активтер бойынша деп көрсетілетін лизинг заттарының тозуы бойынша енгізіледі. Бұл операциялар талдамалы есепте тиісті шоттар бойынша жүзеге асырылады.
ҚҚС жалға алушының бухгалтерлік есебінде көрсету.
251 бап. Мүлікті қаржы лизингісіне табыстау
Мүлікті қаржы лизингісіне табыстау төмендегі талаптарды сақтаған жағдайда, лизинг берушінің алатын сыйақы сомасы бөлігінде қосылған құнға салынатын салықтан босатылады:
- мұндай табыстау салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 78 бабымен белгіленген талаптарға сәйкес келеді;- лизинг алушы мүлікті негізгі құрал-жабдық, жылжымайтын мүлікке салынған инвестиция, биологиялық активтер ретінде сатып алады.
«Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексін қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-IV Қазақстан Республикасы Заңы
49 бап. «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі (Салық кодексі) қолданысқа енгізілген күннен бастап, Қазақстан Республикасының келесі заңнама актілерінің күші жойылған деп мойындалсын:
«Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасы кодексі, келесіні қоспағанда:
228 баптың 2 тармағы 2010 жылдың 1 қаңтарына дейін келесі редакцияда қолданылады:
… «2. Мүлікті қаржы лизингісіне табыстау келесі шарттар сақталған жағдайда, қосылған құнға салынатын салықтан босатылады:мұндай табыстау Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгіленген талаптарға сәйкес келеді;
лизинг алушы мүлікті негізгі құрал-жабдық, жылжымайтын мүлікке салынған инвестиция, биологиялық активтер ретінде сатып алады;
табысталатын мүлік осы Кодекстің 225 бабының 17) тармақшасына сәйкес қосылған құнға салынатын салықсыз сатылып алынған немесе осы Кодекстің 234 бабының 1 тармағы 12) тармақшасына сәйкес 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін қосылған құнға салынатын салықсыз импортталған табысталатын мүлік осы Кодекстің 250 бабының 1 тармағында көрсетілген тауарлар тізбесіне енеді.»…
Егер лизинг алушы ҚҚС төлеушісі болып табылатын болса, онда лизинг алушыдағы есепке жатқызылатын салық сомасы лизинг беруші табыстайтын лизинг затына лизинг беруші жазатын есеп шот фактурасы бойынша төленетін салық сомасы болып саналады, салық түсетін айналым мөлшері қаржы лизингісі шартына сәйкес (қайтару лизингісі шартын қоспағанда) барлық лизингілік төлемдердің жалпы сомасына қарап көрсетіледі, бірақ лизинг берушінің айналымды жүзеге асыру күніне анықталатын айналым мөлшеріне тура келетін салық сомасынан жоғары емес.
Салық түсетін айналым мөлшері анықталады:
- қаржы лизингісі шартымен белгіленген мезгілді лизингілік төлемдерді алу мерзімінің басталатын күніне;- егер қаржы лизингісі шарты бойынша лизингілік төлемдерді алу мерзімінің басталатын күні лизинг алушыға мүлік табысталатын күнге дейін белгіленген жағдайда, онда айналымды жүзеге асыру күні мүлік қаржы лизингісіне табысталған күн болып саналады;
- лизинг алушы қаржы лизингісі шартымен көзделген лизингілік төлемдерді мерзімінен бұрын өтеген жағдайда, түпкілікті есеп айырысу күні аталмыш қаржы лизингісі шарты бойынша айналым жасалған соңғы күн болып табылады.








