8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Есеп саясаты

«ҚазАгроҚаржы» АҚ есеп саясаты «ҚазАгроҚаржы» АҚ Директорлар кеңесінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 28 шешімімен бекітілген.

«Қаржы есептілігін ұсыну» 1-ші Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына (IAS) сәйкес, «ҚазАгроҚаржы» АҚ (бұдан әрі – Компания) есеп саясаты туралы ақпаратты қаржы есептілігіне қоса тіркелетін түсіндірме жазбада ашуға міндетті. Жылдық қаржы есептілігіне қоса тіркелетін түсіндірме жазбада Компания есеп саясаты туралы негізгі ережелерді ашады.

Есеп саясатының негізгі ережелерінің қысқаша шолуы. 

  • Компанияның жылдық қаржы есептілігі үшін есепті кезең 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл болып табылады.

  • Операциялық кезең – операциялар жүзеге асырылатын, Компаниялардың жасаған операциялары туралы ақпарат тіркелетін, жиналатын және түйінделетін, бухгалтерлік есеп тізілімдерінде көрсетілетін бастапқы құжаттар өңделетін және қортындысы шығарылатын кезең – күнтізбелік ай болып табылады.

  • Қаржы ұйымы ретінде Компания үшін бухгалтерлік есеп пен қаржы есептілігі саласындағы қызметті реттейтін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады.

  • Қаржылық жалгерлікке (лизинг) табысталар алдындағы лизинг заттары тауарлар құрамына есепке алынады, олардың мойындалуы мен бағалануы «Босалқылар» 2-ші ХҚЕС (IAS) сәйкес жүзеге асырылады.

  • Босалқылар екі әдіспен бағаланады: арнайы сәйкестендіру әдісі бойынша – кейін қаржылық жалгерлікке (лизинг) табыстауға арналған босалқылар бойынша және орташа өлшенген құн әдісі бойынша – өзге босалқылар бойынша.

  • Компания қаржылық жалгерлік (лизинг) бойынша дебиторлық берешекті жалгерлік мерзімі басталатын күннен бастап, жалгерлікке салынатын таза инвестицияларға тең сомада көрсетеді. Бастапқы тікелей шығындар қаржылық жалгерлік (лизинг) бойынша дебиторлық берешектің бастапқы сомасында ескеріледі.

  • Мойындау күніне нарықтық мөлшерлемеден төмен мөлшерлеме бойынша берілген және алынған қарыздар түріндегі қаржы құралдары нарықтық мөлшерлеме қолданыла отырып, әділ құн бойынша есепке алынады. Бастапқы мойындалғаннан кейін, мұндай құралдар тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісі қолданыла отырып, амортизацияланған құн бойынша көрсетіледі.

  • Егер шарт талаптарына сәйкес борыштың толық сомасын Компанияның өндіре алмау ықтималдылығы болса, онда қаржы активінің құнсыздануы жағдайында провизияларды (босалқыларды) қалыптастыру бойынша шығыс мойындалады.

  • Негізгі құралдар нақты шығындар бойынша бағаланады.

  • Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар өтемпұлын есептеу негізгі құралдың пайдалы қызмет мерзімі бойына біркелкі (тура) есептеу арқылы жүзеге асырылады.

  • Негізгі құралдар мен бейматериалдық активтердің қолданылатын пайдалы қызмет мерзімдері:

· Бейматериалдық активтер – 4 -10 жыл;

· Ғимараттар – 50 жыл;

· Имараттар – 3 жыл;

· Компьютерлер – 5 жыл;

· Автокөлік құралдары – 7-10 жыл;

· Кеңсе жиһаздары – 10-15 жыл;

· Кеңсе техникасы – 5-7 жыл;

· Өзге негізгі құралдар – 5-7 жыл.

  • Пайдаға салынатын салық бойынша ағымдағы шығыстар Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептеледі. Кейінге қалдырылған салық активтері мен міндеттемелер теңгерімдік міндеттемелер әдісі қолданыла отырып, барлық мезгілдік айырмаға қатысты есептеледі.

  • Егер Компанияның экономикалық пайда табу ықтималдылығы жоғары  болса, және де егер түсімнің сенімді бағалануы мүмкін болса, түсім мойындалады.

  • Кірістер мен шығыстар есептеу әдісі бойынша мойындалады.

 

;