8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Жеткізуші

Тіркелген жеткізушілер үшін кіру

«ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының негізгі миссиясы - ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржы қаражаттарына, сондай-ақ лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникаларына және технологиялық жабдықтарға деген қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы Қазақстан Республикасының аграрлық секторына қолдау жасау. Осы миссиясын орындау шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ аграрлық бизнестегі әріптестерімен өзара тиімді әрекетті қалыптастыру мақсатында, қазақстандық және шетелдік әріптестердің ресурстары мен мүмкіндіктеріне қазақстандық тауар өндірушілердің қол жеткізуін қамтамасыз ететін жеткізушілердің мамандандырылған электрондық базасын қалыптастыру бойынша жобаны іске асыруға кірісті. Бұл жаңа енгізілім ынтымақтастық шекарасын ұлғайтуға мүмкіндік беріп, отандық аграрлық сектор мен әлеуетті жеткізушілердің арасындағы байланыстырушы буын болып қалмақ. Бүгінгі таңның өзінде жабдық, ауыл шаруашылығы техникасы және биологиялық актив жеткізушілерімен өзара қарым-қатынасы жағынан Қоғамның үлкен де жемісті тәжірибесі баршылық, біздің базамызда 10459 артық жоба бойынша шамамен 213 жеткізуші бар. «ҚазАгроҚаржы» АҚ Сіздің компанияңызға біздің Жобамызға қатысуға ұсыныс жасайды. Егер Сізді біздің ұсынысымыз қызықтырса, Сіздің компанияңызды базамызға енгізу үшін біздің сайтымызға (жеткізушіні тіркеу) тіркелуді ұсынамыз.

Жеткізушілер қойылатын талаптар

;