8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Вакансиялар

Корпоративтік хатшы
  • Міндеттері:

    • өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасының, Жарғының, Корпоративтік даму кодексінің және Қоғамның басқа нормативтік құжаттарының нормалары мен талаптарын сақтау. 
    • Директорлар кеңесінің тапсырмаларын орындау.
    • Директорлар кеңесінің алдында өз қызметі жайлы есеп беру.
    • корпоративтік хатшы қызметін атқару барысында мәлім болған Қоғам және оның үлестес тұлғалары, инсайдерлік ақпарат жөнінде деректердің құпиялылығын, корпоративтік хатшы ретінде өкілдік етуін тоқтатқан күннен бастап үш жылдан кем емес мерзім бойы, сақтау.

    Қойылатын талаптар:

    • Бір немесе бірнеше салалар бойынша жоғары білім: корпоративтік басқару, менеджмент, экономика, бизнесті басқару, заң.
    • Аталған мамандықтардың бірі бойынша «Магистр» дәрежесінің болуы (01.01.2018 жылдан бастап енгізілген).
    • Бұл талап жоғары білім туралы дипломды 2010 жылдан кейін алған қызметкерлерге қатысты.
    • Корпоративтік басқару саласында қазақстандық және/немесе халықаралық сертификаттаудың болуы (01.01.2018 жылдан бастап енгізілген).
    • Жұмыс тәжірибесі: кәсіби салада 5 жылдан кем емес жұмыс өтілімі, басқарушы лауазымда 2 жылдан кем емес және/немесе корпоративтік басқару саласында 4 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі.
    • Кәсіби біліктілік: Үміткер/қызметкер төмендегі білімдерге ие болуы тиіс:
    • корпоративтік заңнама және корпоративтік басқару саласындағы стандарттар, соның ішінде  GRI;
    • Қоғамның өндірістік-шаруашылық және қаржылық қызметін реттейтін заңнамалық актілер;
    • мемлекеттік және/немесе орыс тілін еркін білу.
    • Кәсіби біліктілік: Үміткер/қызметкер төмендегі білімдерге ие болуы тиіс:
    • тайм-менеджмент, көндіру, жиналыстар мен презентацияларды өткізу, жанжалдарды шешу, сұхбаттар мен сауалнамаларды өткізу, іс-шараларды ұйымдастыру, Microsoft Office  және ЭІЖ қолдану, инфографиканы әзірлеу, видео және аудио файлдарын монтаждау бағдарламаларын білу.
    • Кәсіби құзырет: белсенділік, өзгерістерді басқару, стресстік жағдайларға тұрақтылық, эмоционалдық интеллект, тіл табысуға бейімділік, мақсатқа талпынушылық.

    Жұмыс жағдайлары:

    • тұрақты еңбек ақысы, сондай-ақ қойылған  KPI орындау үшін бонустар;
    • сегіз сағаттық жұмыс күні (с 09:00 до 18:30), бес күндік жұмыс аптасы, жылдық төленетін 30 күнтізбелік күндік еңбек демалысы;
    • білімді дамыту, кәсіби және мансаптық өсу және ең бастысы — тартымды жұмыс!

    Үміткерлердің түйіндемелері 2019 жылдың 22 қарашасын қоса алған мерзімге дейін қабылданады.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Ішкі аудит қызметінің Аудиторы бос лауазымына орналасуға үміткерлерді іріктеу жүргізеді.
  • Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

    • Қоғам қызметінің салалық бағыттарына сәйкес экономика және қаржы, және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит, және/немесе ақпараттық технологиялар салаларындағы, және/немесе техника саласындағы, және/немесе заң саласындағы жоғары кәсіби білімі.
    • Қоғамның тиісті салалық ерекшелігіне сәйкес келетін аудит, және/немесе бухгалтерлік есеп, және/немесе қаржы, және/немесе ақпараттық технологиялар салаларындағы, және/немесе техника саласындағы, және/немесе заң саласындағы жұмыс тәжірибесі – үш жылдан кем емес;
    • Этика кодексі мен Стандарттарды білуі және оларды қолдана білу шеберлігі;
    • Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі, соның ішінде аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп, салық салу мәселелері бойынша білімі.

    Сонымен қатар, аудит, және/немесе есеп және қаржы менеджменті, және/немесе АТ-технологиялары  салаларында сертфикатының және/немесе біліктілігінің болғаны, мемлекеттік және шет тілдерін білгені қошеметтеледі.

    Міндеттері:

    • ІАҚ бекітілген жылдық аудиторлық жоспарына, ішкі аудиттің халықаралық стандарттарының талаптарына және ІАҚ жұмысын реттейтін бекітілген ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес жекелеген аудиторлық тексерулерді жоспарлау және орындау. Оның ішінде аудиторлық тапсырмалардың нәтижелері бойынша есептер жасау және ұсыныстар әзірлеу болжанады;
    • ішкі бақылау жүйесін, тәуекелдерді басқару жүйесін, Қоғамдағы корпоративтік басқару жүйесін бағалау және жетілдіруге жәрдемдесу, сондай-ақ алаяқтық жасау тәуекелін және Қоғамда алаяқтық тәуекелін басқару тиімділігін бағалау;
    • Қоғам ресурстарын және Қоғам активтерінің мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету бойынша қолданылатын әдістерді (тәсілдерді) пайдалану ұтымдылығын және тиімділігін бағалау;
    • Директорлар Кеңесінің тиісті шешімі негізінде Директорлар кеңесінің төрағасы немесе мүшелері бастамашылық жасаған жоспардан тыс аудиторлық тапсырмаларды жүргізу;
    • ІАҚ және сыртқы аудитордың ұсыныстарының орындалу мониторингін жүзеге асыру.

    Біз ұсынамыз:

    • тиянақталған еңбекақы, сондай-ақ қойылған KPI орындағаны үшін бонус;
    • сегіз сағаттық жұмыс күнін (09:00-дан 18:30 дейін), бес күндік жұмыс аптасын, 30 күн жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын;
    • оқыту, кәсіби және мансаптық өсу мүмкіндігі;
    • ең бастысы — қызықты жұмыс!

    Үміткерлердің түйіндемелері соңғы күнін қоса алғанда, 2019 жылдың 29 қазанына дейін қабылданады. Түйіндемені мына электрондық адреске жолдауға болады: g.zhakupova@kaf.kz, байланыс телефондары: 8 /7172/ 55-65-33.

;