"ҚазАгроҚаржы" АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ
Директорлар кеңесінің төрағасы
БейсенғалиевБерікТұрсынбекұлы – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы – Директорлар кеңесінің мүшесі;
Директорлар кеңесінің мүшелері
КенжебаевӘділханАйтқазынұлы - "Қазэкспортастық" Агрофирмасы» ЖШС бас директоры- Тәуелсіз директор;
ЕденбаевЕркеғалиСерікұлы - «Цесна»Корпорациясы» АҚ Басқарма Төрағасы - Тәуелсіз директор;
Малелов Нұрлыбек Төлебайұлы – «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма Төрағасы - Директорлар кеңесінің мүшесі;
ҚұдасбаеваБақытЕскендірқызы - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарушы директоры - Директорлар кеңесінің мүшесі.
КОМПАНИЯ БАСШЫЛЫҒЫ
Малелов Нұрлыбек Төлебайұлы – «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма Төрағасының лауазымында 2011 жылғы 23 мамырдан бастап қызмет етіп келеді – «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма мүшесі. «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамына келгенге дейін «Банк Тұран Әлем» АҚ, «АТФ Банк» АҚ, «Альянс Банк» АҚ, «AstanaCapital Investment Group» компаниялар тобы, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ сияқты қаржы институттарында басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.
Джувашев Асылхан Болатұлы – 2011 жылғы 13 мамырдан бастап Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымында жұмыс істейді - «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма мүшесі. «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамына келгенге дейін «АТФ Банк» акционерлік қоғамында жауапты лауазымдарда қызмет атқарған.
Өміртаев ҚайратӘбуғалиұлы – 2010 жылғы 11 қазаннан бастап Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымында жұмыс істейді - «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма мүшесі. «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамына келгенге дейін әр түрлі қаржы құрылымдарында басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.
Найзабеков ҚайратҒалымжанұлы - 2009 жылғы 7 шілдеден бастап Басқарушы директор болып жұмыс істейді - «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма мүшесі. «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамына келгенге дейін «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Инвестициялық жобалар департаментінің Жобаларды талдау басқармасын басқарды.
Куржикаев МырзағазыКүзембайұлы – 2011 жылғы 1 ақпаннан бастап басқарушы директор. Ұйымдастыру жұмыстары жөніндегі менеджер болып, басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. Қостанай облысы әкімдігінің Шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі департаментінің директоры лауазымында қызмет атқара жүріп, шаруашылық қызметті талдау бойынша көп тәжірибе алған.
Маркштедер Галина Владимировна – 2011 жылғы 3 желтоқсаннан бастап басқарушы директор. «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамына келгенге дейін «Концерн «Найза Құрылыс» ЖШС, «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамында басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.








