«ҚазАгроҚаржы» АҚ «Ауыл шаруашылығының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 қарашадағы № 1777 қаулысына сәйкес 1999 жылы 28 желтоқсанда ауыл шаруашылығындағы басты мәселелердің бірі – техника паркін жаңарту мәселесін шешуде көмек көрсету мақсатында құрылған.
Қоғам «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдинг құрамына енеді.
Негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржы қаражаттарына, сондай-ақ, лизинг негізінде технологиялық жабдықтарға деген қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы республиканың аграрлық секторының дамуына қолдау жасау.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ миссиясы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолайлы қаржы қаражаттарымен, сонымен қатар лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникаларымен және технологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету арқылы агроөнеркәсіптік кешенді техникалық және технологиялық жағынан жаңарту болып табылады.
Қоғам принциптері
- Қоғам қызметінің мемлекеттік аграрлық саясат басымдықтарына және заңнамаға сәйкестігі;
- Қоғам қызметінің жариялылығы;
- Қоғам қызметінің ашықтығы және айқындығы.
Қоғамның 2020 жылға қарай көрінісі – бизнес жүргізудің жоғарғы стандарттары мен сенімділігі негізінде қолайлы қаржы қызметтерін көрсету әрі техникалық және технологиялық жағынан жаңарту бойынша лизингілік қызметті жүзеге асыру арқылы республиканың аграрлық секторын дамытуға қолдау жасау мақсатында меншікті өз активтерімен тиімді басқарылуын қамтамасыз ететін Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніндегі негізгі қаржы-инвестициялық ұйым.
Қоғам толық өндіріс кезеңі бар жетекші әлемдік өндірушілердің технологиялық жабдықтарымен жабдықтау үшін жоғары технологиялық жаңа өндірістердің іске асырылуын қаржыландырады.
Қызмет түрлері. Жарғылық мақсаттарды іске асыру үшін Қоғам келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
- агроөнеркәсіптік кешендегі лизингілік қызмет;
- агороөнеркәсіптік кешен субъектілерін несиелендіру және оларға қаржы қызметін және басқа да қызмет көрсету;
- агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған республикалық бюджеттік және басқа бағдарламаларды іске асыруға қатысу.
Қазақстанның барлық аймақтарында компанияның 9 филиалы және 4 өкілдігі бар.
Рейтингтерінің болуы. «Fitch Ratings» Халықаралық рейтингілік агенттігі 2009 жылы 22 желтоқсанда «ҚазАгроҚаржы» АҚ шетелдік және ұлттық валютадағы ВB/Болжам Тұрақты ұзақ мерзімді рейтингін растады.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ даму хронологиясы
1999 жыл – Компанияның мемлекеттік тіркелуі2000 жыл – 630 «Johne Deere» астық жинайтын комбайн түрінде лизингке табыстау үшін алғашқы тауарлы несие алынды
2003 жыл – бірінші машина-трактор стансасы құрылды
2004 жыл – бірінші егіс кешендері жеткізілді
2005 жыл – мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша жабдықтар сатып алу
2006 жыл – ERP-жүйесін Oracle E-Business Suite енгізу
2007 жыл – жылыжай кешендерін, ірі тауарлы сүт фермаларын құруды қаржыландыру және ірі қара мал лизингі, Қаржы агенттігі мәртебесі берілді
2008 жыл – қарқынды жеміс бақтарын құру, балық өңдеу зауыттарының құрылуы
2009-2011 жылдар – ірі инвестициялық жобаларды іске асыру








