|
Былтыр компанияның құрылғанына 11 жыл толды. Осы жылдар бойы біз алдымызға қойылған міндеттерді толық орындап, саланы дамытуға өз үлесімізді қосуға тырысып келеміз. Осы уақыт ішінде біз таңдаулы қаржы институтына айналдық, халықаралық компанялармен қарым-қатынас орнатып, Қазақстанның АӨК қолдау жасауда белгілі бір жетістіктерге жеттік. Бастапқыда біздің компания ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуға көмектесуге міндеттенген лизингілік компания ретінде құрылған. Алайда, меншікті өз өндірісіміздің өндіретін азық-түліктерінің тапшылығы басқа да жаңа бағыттарды дамыту қажеттілігін тудырды, сондықтан біздің компанияның алдына импортты алмастыратын түпкілікті өндірісті дамыту міндеті қойылды. Сол себепті 2005 жылдан бастап біз дайын өнімді қайта өңдеп, шығару бойынша жобаларды қаржыландырып келеміз. Бұл наубайханалары бар диірмендер және шұжық цехтары, май өңдеу желілері және тағы да басқалар. Ең бастысы біздің жобалар халық арасында өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандырумен қатар, қосымша жұмыс орындарын құру, тиісті инфрақұрылымдарды дамыту сияқты әлеуметтік қызметтерді де атқарады. 11 жыл өтті, содан бері қаржы лизингісі біздің компанияның күшімен өндірістің негізгі құралдарын жаңарту және қаржы құрылымдары арасында бәсекелік ортаны дамыту құралы ретінде АӨК саласында ғана емес, сонымен қатар, бүкіл Қазақстанда кең таралды, ал компания ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің арасында танымалы және белгілі болды. Осы жылдар ішінде біз агроөнеркәсіптік кешенге 1 млрд. астам АҚШ долларын инвестицияладық. Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдаған «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Жолдауында агроөнеркәсіптік кешенді ерекше атап өтті, оны дамытудың арқасында «... біз еліміз үшін маңызды болып табылатын екі міндетті бірден шешеміз – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экспортты әртараптандыру» - деп көрсетілген. Сол кезде он бір ірі бағыт бойынша инвестициялық жобаларды қаржыландыру ісін одан әрі жалғастыру туралы шешім қабылданған болатын, оның алты бағытының операторы болып «ҚазАгроҚаржы» АҚ белгіленген. Мұндай ауқымды жұмысты бастау өте қиын болғаны сөзсіз. Бұл әрі Ұлттық қордың қаржы қаражаттары үшін жауапкершілік, әрі қысылтаяң жұмыс мерзімі, әрі жобаларды қарау мен қаржыландырудың айқын механизімін әзірлеу қажеттілігі, тағы да сол сияқты мәселелер. Алайда, біз қиындықтарды жеңіп шықтық деп ойлаймын2009-2010 жж. ішінде жалпы сомасы 18,9 млрд. теңгеге 21 жоба қаржыландырылған және 7,8 млрд. теңгеге 13 жоба мақұлданған. Жобалардың бәрінің де инновациялық сипаты бар және мұқият іріктелуден өтеді. Айқындық және халықаралық стандарттарға сәйкестік біздің негізгі принциптеріміз болып табылады, сондықтан біздің таяу арадағы жоспарларымызда инвестициялық жобаларды іске асыруды одан әрі жалғастырумен қатар, көрсетілетін қызметтің сапасын жақсарту, сапа менеджмент жүйесін әрі қарай дамыту, сондай-ақ, клиент базасын әрі қарай ұлғайту болып табылады. Біздің осы кезең ішінде қол жеткен табыстарымыз холдинг пен мемлекет тарапынан жасалған қолдаудың, «ҚазАгроҚаржы» АҚ серіктестері мен клиенттерінің бізге артқан сенімінің, сондай-ақ, барлық қызметкерлердің аянбай еңбек етуінің арқасында мүмкін болды. Құрметті, ханымдар мен мырзалар, барлықтарыңызға үлкен ризашылығымды, сондай-ақ, келешекте бірлескен күш-қуатымыздың арқасында өркендей береміз деген сенімділігімді білдіремін! |
| Жазбалар |
| . | ![]() | |||||||||
| ||||||||||||









Құрметті серіктестер мен әріптестер! 




