«Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін әрі қарай жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 793 Жарлығын орындау мақсатында «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамында жұмыскерлердің қызметтік міндеттеріне жауапсыз қарау фактілерін анықтап, Қоғам қызметінде оларға жол бермеуге, атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық элементтерін болдырмауға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет шаралары жүйелі түрде жүргізіліп тұрады.
Тәуекелдіктерді азайтып, Қоғам мүддесін қорғау мақсатында Қоғамның қарыз алушыларына тексеріс жүргізіледі, олардың қызметі, қаржы ауқаттылығы туралы теріс ақпараттың болуы, жобаны қаржыландыруға өтінім тапсырған кәсіпорындардың құрылтайшылық және қаржы құжаттарының болуы, басшылары мен құрылтайшыларының заңдылығы, сотты болуы тексеріледі. Осыған ұқсас тексеріс түрі Қоғам жеткізушілеріне қатысты да жүргізіледі.
Қоғамда инвестициялық жобалар бойынша қарыз алушылардың жобалық-смета құжаттамасына талдау жасалады, проблемалық қарыз алушылар мен лизинг алушылар анықталады, қаржыландыру шарттарының – ақша қаражаттарының мақсатқа сай пайдаланылуы, объектілердің уақытында іске асырылуы, өтімді кепілзатпен қамтамасыз етілу шарттарының сақталу мониторингі жүргізіледі.
2010 жылы 11 маусымда «ҚазАгроҚаржы» АҚ басшылығы «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде және оның аумақтық органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі жұмыстардың жағдайы туралы» мәселелер бойынша кеңейтілген мәжіліске қатысты.
Сатып алынатын лизинг заттарының сапалық сипаты жағынан да, құндық сипаты жағынан да отандық ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің қажеттіліктерін анағұрлым қанағаттандыру мақсатында Қоғамда лизинг заттарын бір көзден алу тәсілімен сатып алу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылған.
Комиссияның басты міндеттерінің бірі сатып алуға жоспарланған лизинг заттарының бағасын құруға қатысты мәселелерді қарау болып табылады.
Аталмыш Комиссия құрамына:
- Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы;
- «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы;
- «Қазақстанның Ұлттық Агроөнеркәсіптік Палатасы» Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер ассоциациясы;
сияқты партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, одақтардың, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері де кіреді.
СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ - 8 (7172) 580-450.








