Ақпарат туралы саясаты мен тәжірибесіндегі әлеуметтік жауапкершілік Қоғам

Ақпарат туралы саясаты мен тәжірибесіндегі әлеуметтік жауапкершілік Қоғам

Кадр саясаты және әлеуметтік саясат

Тиімді ұйымдық құрылымы мен оңтайлы кадр саясатының бар болуы кадр саясатын іске асырудың негізі болып табылады. Қызметкерлердің жоғары кәсіби деңгейі олардың бойындағы білімі мен білігін жүйелі жетілдіру арқылы қызметкерлерді үнемі оқыту мен олардың біліктілігін арттыру жүйесінде қуатталады және дамиды.

Адами капитал деңгейін бағалау үшін, Қоғамда түзетілген даму стратегиясында «Адами капитал индексі» деп аталатын жаңа қызметтің түйінді көрсеткіші белгіленген болатын (толық ақпарат 11; 28 бетте).

Қоғамда тұрақты негізде командада жұмыс тиімділігін құру мен арттыру үшін ең жақсы құралдардың бірі болып табылатын тимбилдингтер өткізіліп тұрады. Қоғам 2016 жылы қаржыландырылған кәсіпорындардың бірі – Родина агрофирмасында  тимбилдинг өткізген болатын.

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау «ҚазАгроҚаржы» АҚ басым құндылықтарының бірі болып табылады және Қоғамның бизнес-жүйесінің ажырамас бөлігі ретінде қаралады.

Қызметкерлердің денсаулығы мен өмірін сақтау, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, жарақаттанудың алдын алу, қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту, зиянды және қолайсыз факторлардың әсерін азайту, жұмыс орындарында тәуекелдер мен қауіп-қатерлерді төмендету, кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында Қоғам саясатының негізгі бағыттары болып табылады. 

Ақпараттық қауіпсіздік саясаты

Бекітілген «ҚазАгроҚаржы» АҚ Ақпараттық қауіпсіздік саясатына сәйкес, келесідей бағыттар анықталған:

1) Физикалық қауіпсіздік бақыланатын үй-жайларда және Қоғам ғимаратының барлық периметрі бойынша бейнабақылау енгізіле отырып, мамандандырылған ұйымдардың тәулік бойғы бақылауымен қамтамасыз етіледі. Жұмысқа қабылдану кезінде қызметкер өзінің қызметінде Қоғамның Ақпараттық қауіпсіздік саясаты талаптарының сақталуы туралы  және құпия мәліметтердің жайылып кетуін болдырмау туралы хабардар етіледі;
2) Ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық жасақтаманың қауіпсіздігі төмендегілер сияқты  жан-жақты іс-шаралар есебінен жүзеге асырылады:
  • Бүкіл ақпаратты өңдеу құралдарында үздіксіз мониторинг жүргізе отырып, бағдарламалық жасақтаманы вирусқа қарсы қорғау;
  • Бағдарламалық жасақтама аудитін қамтамасыз ету және лог-файлдар талдауын жүргізу;
  • Дерекқорды ұдайы мұрағаттандыру;
  • Қоғамда қолданылатын бағдарламалық өнімдер бизнес-процестерді үздіксіз сүйемелдеу мен оңтайландыру бойынша шаралар кешенімен қамтамасыз етіледі.  Кредиттік-лизингтік қызметте бағдарламалық жасақтамаға Қоғамның тәуекелдерін анықтау бойынша жаңа алгоритмдер енгізу жұмыстары жүргізілуде.

Қоршаған ортаны қорғау

«ҚазАгроҚаржы» АҚ еліміздің ауыл шаруашылығына қоршаған орта мен адам денсаулығын қорғайтын «жасыл технологияларды енгізу мен дамытуға белсенді түрде  жәрдемдеседі, табиғи ресурстарды күтіп-ұстауға жағдай жасайды, өндіріс тиімділігін, яғни шығарылатын өнімнің бәсекеге жарамдығын арттырады.

Қазіргі кезде кейбір қаржыландырылған жобаларда суды тазалаудың бірегей жүйесі – кері осмос жүйесі, қайтарымды дренаж жүйесі, қи мен саңғырықты қайта өңдеуге, жайылымдарды суландыруға арналған биокешендер, сондай-ақ баламалы энергия көздері (жел генераторлары мен күн батареялары) сияқты «жасыл технологиялар» қолданылады.

Демеушілік және қайырымдылық

«ҚазАгроҚаржы» АҚ  халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобын қолдауға бағытталған әлеуметтік жобалардың белсенді қатысушысы болып табылады. 7 жылдан астап уақыттан бері Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Урюпинка селосындағы жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған қамқорлықтағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мерекелік күндерге орай сыйлықтар дайындап, демалыс кезінде олардың бос уақыттарын ұйымдастыра отырып, демеушілік көмек көрсетіп келеміз.

Биыл Қоғам қызметкерлері балалар үйінің басшылығымен бірлесе отырып, «ҚазАгроҚаржы» АҚ кеңсесінің холында балалардың өз қолдарымен жасалған бұйымдардың кішігірім жәрмеңкесін ұйымдастырды. Өте сапалы да кәсіби түрде қолдан жасалған барлық бұйымдар небары жарты сағаттың ішінде Қоғам қызметкерлерімен сатылып алынған. Өз еңбектерімен тапқан ақшаға балаларға жаңа үлкен телевизор сатып алынды.

Сонымен бірге, Ұлы Жеңістің 71-жылдығының құрметіне «ҚазАгроҚаржы» АҚ ұжымы «Ардагерлерге деген жылулықпен және тағзыммен» тақырыбына қайырымдылық акциясын өткізді. Қоғам қызметкерлерінің бірлескен күшімен қаражат жиналып, елордада тұратын құрметті Ардагерлеріміз үшін «жылы сыйлықтардан» (жамылғылар мен төсек жабдығының жинағынан) тұратын 34 сыйлық, сондай-ақ бүкіл ел бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалдарының қызметкерлері тарапынан қосымша сыйлықтар дайындалды. Жеңіс күніне орай дайындалған символикалық сыйлықтар – бұл, біріншіден, Ұлы Отан Соғысында Отанымызды жау басқыншыларынан қорғап қалған адамдарға деген құрмет көрсету белгісі.